Таразда аймақтық ассамблеяның Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
ҚР Президентінің «Бірге» сайлауалды бағдарламасы мен Қазақстан халқына жолдауындағы тапсырмаларын ілгерілету және облыс ассамблеясының Аналар кеңесінің жыл бойы атқарған жұмысын қорытындылау негізінде аталған кеңестің Таразда кеңейтілген отырысы өтті.
Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе ұйымдастыруымен өткен шараға облыстық этномәдени бірлестіктің Аналар кеңесі, облыстық жұмыспен қамтужәне әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, облыстық дағдарыс орталығының мамандары, оқу орындарындағы қыздар үйірмелерінің жетекшілері, жастар, отбасы мен қоғамдық жұмыстарды тең алып жүрген азаматшалар қатысты.
Шараның мақсаты – көп балалы отбасылар мен жастарды қолдау бойынша мемлекеттің жаңа шараларын түсіндіру, әрбір нақты аймақта отбасылық негізде шағын және орта бизнесті жүргізу үшін мемлекет ұсынатын мүмкіндіктерді қалай пайдалануға болатынын жеткізу, көп балалы және жас отбасыларды қолдау бойынша өңірде қолданылатын шаралармен таныстыру, аудандардағы аналар кеңесінің іс тәжірибесімен таныстыру, сонымен бірге аналарға өз балаларының бейбіт және қауіпсіз болашағының негізі ретінде елдегі әлеуметтік әл-ауқат, тұрақтылық, бейбітшілік және келісім саясатын қолдауға шақыру болатын.
Кеңестің кеңейтілген отырысы аудандардағы Аналар кеңесінің қызметі туралы көрмені тамашалаумен басталды. Көрмеге түрлі қолөнер бұйымдары мен тағамдар қойылып, олар өзара бақсынасты.
Көрмеден кейін кеңес төрайымы Миражапова Мухаббат Сайдуллаевнаның модераторлық етуімен «Қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің рөлі» атты аталмыш кеңестің пленарлық отырысы өтті. Отырысқа «Асыл арман»ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің басшысы – Нұрақбаев Ринат Даниярұлы, «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысы – Олжабаева Гаухар Елубайқызы, «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жамбыл облыстық зорлық-зомбылық салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге арналған дағдарыс орталығы»КММ басшысы – Калыбекова Жамал Дүйсебайқызы, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының №7 Тараз қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары – Оспанбаева Аяжан Мелдешқызы, «Ника» коммуникативтік дамыту орталығының жаттықтырушысы, ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының лекторы – Сарытай Гүлмира және аудандық Аналар кеңесінің төрайымдары қатысып, сөз сөйледі. Жиында облыстық ҚХА жанындағы налар кеңесінің есебі, аудандағы аналар кеңестерінің тәжірибесі тыңдалды. Кеңестің кәмелетке толмағандары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша полиция департаментімен бірлесе атқарған жұмыстары, жас отбасылардың ажырасуының алдын алу бойынша медиация мен облыс әкімі жанынан құрылған «Бастау» пилоттық жобасы аясындағы, қайырымдылық жұмыстары сараланады. Сонымен қатар, қаладағы жоғары және арнаулы оқу орындарының қыздар үйірмелерінің жетекшілері мен белсенді мүшелері өз пікірлері мен жастар проблемаларын ортаға салып, ой қозғады.
Жиын соңына қарай жыл бойы атқарған жұмыстары мен еңбектері үшін қызмет пен тұрмысты қатар алып жүріп қана қоймай қоғамда белсенділік танытып жүрген аналар мен қыз-келіншектерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.
Марапаттау салтанатынан кейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің «Жамбыл облысы этностарының мәдениеті мен сал-дәстүрлері» атты жобасының аясында «Біздің күшіміз – бірлікте!» атты этнофестивалі өтті. Фестивальде өңірлік этномәдени бірлестіктерінің өкілдері өз салт-дәстүрлерін көрсетіп, мәдениеттерімен таныстырды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы