«2019 жылғы ҚХА-ның үздік медиаторы» облыстық байқауы
ҚР ҚХА-ның даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 15-тармағын (2025 жылға дейін) орындау мақсатында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ «2019 жылғы ҚХА-ның үздік медиаторы» облыстық байқауының қорытындысы бойынша салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.
Байқау медиация институтын насихаттау және дамыту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында дауларды (жанжалдарды) реттеу бойынша қызмет көрсететін ҚХА-ның кәсіби емес медиаторларын анықтау және ынталандыру мақсатында өткізілді. Байқаудың негізгі міндеті – қазіргі кәсіпқой емес медиаторлардың патриоттық рухын арттыру.
Іс-шараға Тараз қаласы, Байзақ, Шу, Меркі, Жамбыл, Жуалы аудандарының ҚХА медиаторлары қатысты.
Жиын барысында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р. М. Убайдуллаева Жамбыл облысындағы медиация институтының дамуына белсенді үлес қосқаны үшін барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.
Байқау қортындысы бойынша Шу ауданының ҚХА медиаторы Абдуллаев Таджир Максим-оғлы – 1 дәрежелі, Жуалы ауданының медиаторы Расилов Тамаша және Байзақ ауданының медиаторы Үрпекбаев Жұматай – 2 дәрежелі, Жуалы ауданының медиаторы Тоқбергенов Сағындық Құралбайұлы, Байзақ ауданының ҚХА медиаторы Жұмағұлов Жиенғали және Тараз қаласының ҚХА медиаторлары Жанисенов Талғат Сугралиұлы мен Сафонова Лариса Владимировна 3 дәрежелі орындарды иеленді.
Қалған медиаторлар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды, олардың ішінде өңірлік ассамблеясымен серіктес кәсіби медиаторлар да болды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі