Медиация бірліктің негізі
Ағымдағы жылдың қазанында Жамбыл облысы әкімі аппартының «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің ұйымдастыруымен «Медиация бірліктің негізі» әлеуметтік жобасының шеңберінде «Медиация. Кәсіби емес медиаторлар үшін базалық курс» атты семинар – тренингі өтті.
Семинарға аудандық би кеңесінің, этномәдени бірлестіктердің, жеке ұйымдардың өкілдері, жалпы білім беретін мектептердің психологтары мен әлеуметтанушылары бар барлығы отызға жуық адам қатысты.
Семинар өткізудегі басты мақсат медиация институтының дамуына ықпал ететін қоғамдық медиаторларды медиативтік құзыреттілікке бейімдеу, әлеуметтік және құқықтық жанжалдардың алдын алу, шешу жолдарының тиімділігін анықтау, республикадағы халықтың біртұтастығын және бірлігін нығайту үшін одан әрі ынтымақтастықты арттыру.
Іс-шараның бастауы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Максудқызының сөзімен басталды. Мекеме басшысы «Адамдар арасында туындаған даулы қарым-қатынастарды реттеу үшін, қоғамдағы әлеуметтік, саяси шиеленісті төмендетуге беделді адамдар қатарынан ҚХА-ның кәсіпқой емес медиаторларының пулын қалыптастыру қажет. Ол үшін кабинет жоспарында медиаторлар желісін дамытуға ықпал ететін қоғамдық медиаторларға семинар-тренингтер қарастырылған. Бұл сабақтар қоғамдағы шиеленісті азайту үшін мемлекеттік ұлттық саясат стратегиясын іске асыруға қатысатын медиаторларға базалық білім алуға мүмкіндік береді“.-деді.
Семинарда медиатор-жаттықтырушы Сафонова Лариса Владимирқызы би кеңесінің, этномәдени бірлестік өкілдерін, сондай-ақ, білім беру қызметкерлерін және басқа да қатысушыларды медиацияны қолдана отырып, олардағы қауіпсіз кеңістік және монфликтсіз орта құру жолдарымен таныстырды.
Оқыту интерактивті тренинг форматында өтті. Оқу-жаттығу барысында: мини-дәрістер, өз тәжірибесінен тәжірибелік жаттығулар, рөлдік ойындар, миға шабуыл, дискуссиялар, жеке байланысы бар имитациялық медиация қолданылды. Қатысушыларға дау-жанжалды жағдайларды шешу кезінде медиацияны қолдану тәсілдері туралы тренинг ұсынылды. Нәтежиесінде олар оқиғаны делдалдық және келіссөздер арқылы табысты шешу жолдарын меңгерді.
Семинар-тренингтен кейін қатысушыларға сертификаттар мен әдістемелік құралдар табысталды.
Пресс-служба КГУ «Қоғамдық келісім»
аппарата акима Жамбылской области