Таразда «Мектеп медиациясы» кабинеті ашылды
Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ «Отбасы және мектеп» пилоттық жобасы аясында Тараз қаласының ювеналды сотымен бірлесіп, Тараз қаласының Сағадат Нұрмағамбетов атындағы № 10 орта мектебінде “Мектеп медиациясы”кабинетін ашты.
Іс-шараға сот өкілдері, Тараз қаласы әкімінің орынбасары, қалалық білім бөлімінің басшысы, АХАЖ, ювеналды заң консультациясының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, “Жастар ресурстық орталығы” КММ, ішкі саясат бөлімінің, ақсақалдар, аналар мен медиаторлар кеңесінің өкілдері қатысты.
Ювеналды соттың төрағасы Ербол Дүйсенбаевтың пікірінше: «Мектеп медиациясы – бұл тек білім беру әдісі ғана емес, сонымен қатар басқа адамды түсіну, қабылдау және тыңдау қабілетіне негізделген тұтас дүниетаным. Оны тәрбиелеу және білім беру саласындағы кездейсоқ жағдайларды шешу барысында пайдалану қажет».
Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков медиация кабинетінде мұғалімдер мен оқушыларға әлеуметтік-құқықтық көмек және психологиялық қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ, ол қақтығысты, оның тікелей қатысушылары шешуі тиіс екенін де және сонда ғана проблеманың үздік шешімі табылатындығын түсіндірді.
Тараз қаласының әкімі Кенжебай Олжабай да бала мүддесі – мемлекеттік саясат пен мемлекеттік органдар қызметінің басым саласы болып табылатынын айрықша атап өтті.
Осы қатарда Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева ҚХА Аналар, ақсақалдар кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі мен медиаторлары өкілдерінің бірлескен жұмысы жүргізіліп жатқанын түсіндіре келе, облыстың орта мектептерінде мұғалімдер мен оқушылар арасында медиацияны қолдану туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілетіндігін айта кетті.
Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында «Мектеп медиациясы» бағдарламасы бойынша семинар-тренингтері жоспарланған, онда мұғалімдер, психологтар, әлеуметтік педагогтар, оқушылар мен белсенді ата-аналар арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Семинар-тренинг оқушылардың медиативтік құзыреттілік деңгейін арттыру мектеп қабырғасынан басталуына, медиация институтын дамыту жұмыстарын жүргізуде жол көрсетіп, болашақ ұрпақтың кездейсоқ болатын дау-дамай мен қақтығыстар шиеленістеріне медиативтік көзқараспен қарауға үйрететін болады.
Медиация кабинеті мектеп медиаторларының жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті жиһазбен жабдықталған.
Сонымен қатар, медиацияны қолдану саласы, медиацияны жүргізу қағидаттары туралы оқушыларға арналған ақпарат пен буклеттер, сондай-ақ мектеп медиаторларының тізімі орналастырылған арнайы стенд орнатылды.
Кабинеттің ашылу салтанатынан кейін облыстық ҚХА ақсақалдар кеңесінің орынбасары Абдрахман Зайнутдинов «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Мухаббат Миражапова «ҚХА –бірлік пен толеранттылық үлгісі» тақырыбында, облыстық ҚХА медиация кабинетінің меңгерушісі В.Н.Досыбиева «Мектептегі Медиация» тақырыбында баяндама жасап, оқушылармен дәріс-әңгіме жүргізді.
Іс-шара соңында, отырысқа қатысушылар «Мектеп медиациясы» кабинетінің жоспарын құру қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді, өйткені олар мектеп қабырғасындағы қақтығыстардың төмендеуіне ықпал етеді.
Жамбыл облысы әкімі аппараты
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі