АҚПАРАТ Таразда 8-наурыз халықарлық әйелдер күніне орай Аналар кеңесінің кеңейтілген салтанатты отырысы өтті
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмаларын ілгерілету шеңберінде А.Ағымдағы жылдың 27 ақпанында “Нұр Отан” партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 6 наурызында аймақтық Достық үйлері базасында түрлі этностардың көп балалы аналарының қатысуымен әртүрлі форматта іс-шаралар өткізу жоспарланған болатын. Осыған орай өңірдегі Достық үйінде «Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі» атты облыстық ҚХА Аналар кеңесінің салтанатты кеңейтілген отырысы өткізілді. Салтанатты кеңейтілген отырысты ұйымдастырушылар Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдык мемлекеттік мекемесі.
Шараның мақсаты – көп балалы отбасылар мен жастарды қолдау бойынша мемлекеттің жаңа шараларын түсіндіру, әрбір нақты аймақта отбасылық негізде шағын және орта бизнесті жүргізу үшін мемлекет ұсынатын мүмкіндіктерді қалай пайдалануға болатынын жеткізу. Көп балалы және жас отбасыларды қолдау бойынша әрбір өңірде қолданылатын шаралармен таныстыру. Сондай-ақ табысты отбасылардың нақты мысалдарында осы шараларды қалай дұрыс пайдалану керектігін түсіндіру. Жұмысты, бизнестің түрлі саласындағы жетістіктерді және балаларды тәрбиелеуді табысты ұштастыра білген аналардың өмір-тарихынан мағлұмат беру. Сонымен бірге, аналарға өз балаларының бейбіт және қауіпсіз болашағының негізі ретінде елдегі әлеуметтік әл-ауқат, тұрақтылық, бейбітшілік және келісім саясатын қолдауға шақыру.
Салтанатты кеңейтілген отырысқа облыстық этномәдени бірлестіктің аналары, көпбалалы аналар, меценаттар, өз кәсібі саласында жетістікке жеткен қыз-келіншектер, отбасы мен қоғамдық жұмыстарды тең алып жүрген азаматшар қатысты.
Аталмыш іс-шараның жүргізіліуі барысында жиналған жұртқа мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Кеште барша нәзік жандылардың құрметіне ән де айтылды, би де биленді. Үй мен түзге теңдей үлгеріп жүрген азаматшалардың, қоғамда белсенді аналардың, қайырымдылық жасаудан үлгі болып жүрген қыз-келіншектердің өмірлерінен басқаларға ұлағат болсын деген ниетпен LED экраннан бейнероликтер ұсынылды.
Салтанатты кеш басында қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Абдикешова Күләш Амедиқызы жиылған жұршылықты көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі саналатын 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, еңбек жолдарына шығармашылық табыстар мен сәттілік тіледі.
Концерт барысында «Riverdance», «Жасдәурен», «Грация Кавказ» үлгілі би ансамбльдері және Фирсов Андрей, «Болашақ» тобы, Власов Андрей, «Камег-тон» сынды әншілер, вокалдық топтар, скрипкашылар тобы және «Айбын» әскери-патриоттық клубының мүшелері өз өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызы кеште мерейлі мерекеге жиналған барша қыз-келіншектерді көктем мерекесімен құттықтап, жылы лебізін арнады. Олардың арасында облыстық ассамблея жұмыстарына ерекше атсалысып жүрген өзге этнос өкілдері азаматшаларына ерекше алғыс білдірді. Сондай-ақ, хатшылық меңгерушісі М.Қожаева ханым Апаева Таня Мудалифовна, Корнилина Людмила Григорьевна, Турдыева Мухаббат Абдрахмановна, Аббасова Рабохан Юлдашовна, Темірәлиева Камшат Амангелдіқызы, Усенбаева Зухра Алтынбекқызы, Мороз Галина Ивановна, Асылбекова Эльмира Жақсыбайқызы, Малибекова Нурила Эдихановна, Аденова Сәуле Өнгенбайқызы, Айтбекова Ұржан Ізтілеуқызы, Карманова Тамара Викторовна, Алтаева Сәния Мақсұтқызы, Металимова Гүлшан Исмаиловна, Гаюпова Лобар Төлегенқызы, Цой Екатерина Алексеевна, Ким Ульяна Романовна сияқты облыс көлемінде қоғамда ерекше белсенділік танытып жүрген нәзік жандылар қауымына арнайы сый-сияпат көрсетіп, алғыс хаттармен марапаттады.
Мерекелелік салтанатты кеңейтілген отырыстың соңы қонақтарды фуршеттік дастарханнан дәм татқызып, естелік суреттерге түсумен тәмамдалды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі