Ынтымақтастық салалары
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары және хатшылық меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызы бастаған этномәдени бірлестік өкілдері Жамбыл облысы бойынша полиция Департаментінің басшысы Арман Оразалиевпен кездесті.
Кездесудің басты мақсаты еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақты арттыру, этносаралық қақтығыстар, даулар мен жан-жалдарды болдырмау. Сонымен қатар, көші-қон, құықбұзышық секілді мәселелердің алдын-алу және шешу жолдарын қарастыру.
Жамбыл облысында барлығы 87 этникалық топ өкілдері тұрады. 73 этномәдени бірлестік белсенді түрде өз жұмысын атқарып келеді. Олардың ішінде 26 Тараз қаласында, 47 Жамбыл облысының аудандарында тұрады. Сондай-ақ, полиция бөлімшесінде де қазақ, өзбек, орыс, әзірбайжан, татар, корей сынды т.б. қызмет атқаратын өзге этнос өкілдері баршылық. Жалпы алғанда аталған мекемкеде 20-дан астам ұлт өкілдері тұрақты түрде қызмет атқарып келеді.
Кездесу барысында этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылды нығайту, полиция Департаменті мен Жамбыл облысындағы Қазақстан халқы ассамблеясы арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, кездесуде ұрлыққа қарсы іс-қимыл, көші-қон және жергілікті полиция инспекторларының қызметі мәселелері талқыланды. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары, жас жеткіншектердің бос уақытын тиімді жұмыстарға арануы, әсіресе Қазақстанда Жастар жылын ескере отырып атқарылуға тиіс жұмыстар жүеленді.
Сонымен қатар, ПД бастығы Арман Оразалиев ІІМ мен Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимылды дамыту үшін 2019-2020 жылдарға арналған этносаралық қатынастар саласындағы өзара келісімді нығайту жөніндегі бірлескен Жоспарға қол қойылғанын атап өтті. Сондай-ақ, көп этникалық қоғамдағы құқық қорғау қызметінің тиімділіктері мен пайдасына тоқталды. Бүгінгі кездесу Ішкі істер органдары мен азаматтық қоғамның өзара іс — қимылының нығаюына ықпал етіп, мемлекеттік ұлттық саясатты табысты іске асырудың үлгісі болып табылатынына сенімді екенін жеткізді.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі