Ынтымақ шеру Жамбыл жерінде
Ағымдағы жылдың қазан айының он үшінші жұлдызында «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының аясында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатындағы Ынтымақ шеруі шарасы өтті.
Аталған шараны Алматы және Жамбыл облыстары Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылықтары, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.
Ынтымақ шеруінің басты мақсаты халқымыздың бірлігін, қоғамдық және этносаралық татулық пен мәдениетті нығайту, аймақтық ассамблеялар арасындағы байланыстарды өркендету болатын.
Алматы облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жылдық жоспарына сәйкес өткен шеру 2012 жылы еліміздің шығыс бөліген бастау алған болатын. Игілігі мол мега-жоба еліміздің барлық өңірлерін аралап биылғы жылы 12-13 қазан аралығында Жамбыл облысында жалғасын тапты.
Шара барысында Алматы облысы Қазақстан халқы ассамблеясынан келген делегация мүшелері «Көне Тараз тарихи – мәдени» орталғын мен өңірлік сәні мен сәулеті үйлескен Достық үйі ғимаратында экскурсия жасап тарихтан сыр шертер тың дүниелермен танысты.
Ынтымақ шеруінің шымылдығы Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлының сөзімен түрілді. Сонымен қатар, Алматы және Жамбыл облыстары әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшылары бір –бірлеріне жер жәннәті Жетісу жері мен тарих тұнған Тараз қаласының киелі жерлері туралы жазылған құнды кітаптар табыс етті.
Ынтымақ шеруі мега-жобасы барысында Алматы және Жамбыл облыстарының өнерпаздары концерт ұсынды. Мұнда “Талдықорған әуендері” фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблі, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншілері, Алматы облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері және Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мәдени көпшілік іс-шаралар бөлімінің қызметкерлері, «Үкілім» би ансамбілі, «Болашақ» вокалдық тиросы өз өнерлерін көрсетті.
Ынтымақ шеруінің соңы Тараз қаласындағы Тектұрмас, Айша бибі, Қарахан баба кесенелері, Тәуелсіздік монументі, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Керей мен Жәнібек ескерткіштері сынды тарихи – мәдени жерлерді аралап, танысумен аяқталды.
Жамбыл облысы
әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
Назерке Оңғар
Тел: 8 (7262) 54 10 37
8 705 997 87 92