М.Әуезов кітапханасында «Ерікті ел — Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтті
Үстіміздегі жылдың қазан айының 18-інде Республика күні қарсаңында Тараз қалалық М.Әуезов кітапханасының ұйымдастыруымен «Ерікті ел —Қазақстан» атты тақырыпта ҚХА мүшесі, татар этносының өкілімен дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш іс-шараның мақсаты — білім алушылардың бойында туған еліне деген құрмет пен отаншылдық құндылығын дамыту.
Іс-шараға «Қазақстандық Татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы филиалының төрайымы Фарида Нақыш қатысып, Республика күнінің маңыздылығы, жастардың тәлім-тәрбиесі және Татар бірлестігінің ел мерейін өсіруге қосқан үлесі туралы айтса, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ Көрме залының меңгерушісі Жазира Шілдебаева кітапхана оқырмандарына өңірлік Қазақстан Халқы Ассамблеясының еліміздегі тұрақтылық пен келісім жолында жасалып жатқан жұмыстары жайлы айтып өтті.
Дөңгелек үстелге қатысқан жастар қонақтарға өздерін толғандыратын сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Іс-шара соңында келушілермен естелік фотосессия жасалып, аталған кітапхана ұжымы арнайы ұйымдастырған кітап көрмесі тамашаланды