Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты А. Иманкулов № 17 ЖОББМ мектеп асханасында тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізді.
Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты А. Иманкулов № 17 ЖОББМ мектеп асханасында тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізді. Негізгі міндет тағамдардың сапасы мен әртүрлілігін ғана емес, сонымен қатар балалардың тамақтану жағдайларын да бағалау болды.
Мониторинг қорытындысы бойынша барлық бақылау тағамдары бекітілген мәзірге сәйкес келді, асхана жарық және таза, барлық санитарлық нормалар сақталды. Сауалнама барысында оқушылар тек оң пікірлер білдірді.
Мектепте асхана қызметтерін цифрландыратын, тамақтану процесін тиімді басқаруды қамтамасыз ететін, барлық көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен есебін қамтамасыз ететін заманауи Е-асхана жүйесі енгізілгенін атап өту маңызды.