БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында қазақтың Ұлы жүзінің Дулат тайпасынан тараған Шымыр руының негізін қалаушы абыз баба жерленген. Жылдағы дәстүрге сай жуырда өз ағайынымыз өзбек елінің бас шаһарында ата-баба рухына тәу етіп, еске алу рәсімі өтті.

Еске алуға қатысушылардың басым көпшілігі Шу ауданынан келген Шымыр руының ұрпақтары. Баба аруағына құран бағыштауға Жамбылдан арнайы ат арытып барған делегацияның құрамында облыстық билер мен Ақсақалдар кеңестерінің, өңірлік ҚХА өкілдері, атап айтқанда Жамбыл облыстық Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махкам Орифов, Тараз қаласындағы Өзбек мәдени орталығының төрағасы, облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Абдурахман Зайнутдинов бар.

Облысымыздағы Билер кеңесінің төрағасы Оңдасын Есіркепов ұйымдастырған сапардың мақсаты – этносаралық қарым-қатынасты нығайту, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты сақтау, екі ел арасындағы татулықты сақтау, мәдениетін дәріптеу.

Тараздан шыққан делегация Өзбекстанға жетісімен Шымыр баба мен Ұлы жүздің биі Төле бидің кесенесіне зиярат етті. Ары қарай аты аңызға айналған тұлғаларға ас беріліп, қатсыушылар олардың тарихтағы орны туралы өз пікірлерімен бөлісті. Алысты жақын еткен жиыннан бау