Байзақ ауданында семинар өтті
2018 жылдың 11 сәуірінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық тобы Байзақ ауданының «Сарыкемер» атындағы мектеп-гимназиясында «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың қазіргі жағдайы: аймақтың даму ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық семинар өткізді.
Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында, белгіленген міндеттер мен қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру технологиялары бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру мақсатында өткен аймақтық семинарға этносаралық және конфессияаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметкерлер, дін істері, тілдерді дамыту басқармаларының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.
Аталған семинарды ұйымдастырушылардың басты міндеттері – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа бағыттарын, қоғамдық сананы жаңғырту, бірлік пен бірегейлікті нығайту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру тетіктерін, Қазақстанның қазіргі дамуы кезеңінде әлеуметтік-мәдени құндылықтардың трансформациялануын түсіндіру, ұлттық код және қоғамдық сана ұғымдарын талдау және талқылау, қоғамдық келісім кеңестерінің қызметі жөнінде тәжірибе және пікір алмасу, Қазақстан аймақтарындағы этноконфессионалды жағдайды талқылау және түсіндіру болып табылады.
Модератор – Тапаева Альбина Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі семинарды ашып, жүргізіп отырды.
Аймақтық семинар барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының төрағасының орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты Мамедова Парида «Жамбыл облысындағы этноконфессионалды жағдайды талдау және шолу: этномәдени, діни бірлестіктердің мемлекеттік құрылымдарымен өзара іс-қимылын жетілдіру бойынша ұсынымдар» туралы сөйлесе, Сәрсенбаев Арман Облыс әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы «Қазіргі қоғамға деструктивті ағымдардың кері әсері» тақырыбында, Гизатуллина Гульгина Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Философия және толерантность» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облысы ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты «Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті арттырудағы мемлекеттік саясатты іске асыру, патриотизмді қалыптастыруда білім беру басқармалары мен этномәдени бірлестіктердің жұмысын жетілдіру», Тараз мемлектік педагогикалық университеті «Философия және толеранттылық» кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымының магистрі Идрисова Гүлжан «Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті арттырудағы мемлекеттік саясатты іске асыру, патриотизмді қалыптастыруда білім беру басқармалары мен этномәдени бірлестіктердің жұмысын жетілдіру», «АРСМИ» қоғамдық бірлестігінің басшысы Мамашева Жанна «Үкіметтік емес ұйымдар мен Қоғамдық келісім Кеңестері тұрғындарының әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі және азаматтық белсенділігін нығайтудағы рөлі», Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ жетекші-сарапшылары – педагогика ғылымдарының магистрі Қаншымбеков Ербол және әлеуметтік ғылымдарының магистрі Кулиева Зарина «Патриотизм және мен оны қалай түсінемін» тақырыптары бойынша тренинг пен коучинг жұмыстарын жүзеге асырды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі