ДОСТЫҒЫМЫЗ БЕКЕМ
Ассамблея ісі – қасиетті іс.Сондай-ақ еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы.
Халықтар достығын берік ұстауға, нығайтуға да қосар үлесі зор.
Қазақстан көпэтносты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде ҚСРО-дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келгендерді жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпэтносты мемлекет атанып отыр.
Дәл Қазақстан сияқты этностар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Барлық этностар терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған .
Осы тұрғыда мемлекеттің бірден-бір алға қойып мақтанар айнасы – этносаралық татуластық. Жер шарының картасына көз салсақ қазақ жерінің ұлан-байтақ атырапты алып жатқанын көреміз. Қазақ елінің көңілі де дәл сондай, кең, дархан.Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге этнос өкілдері «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» дегенді ұранға айналдырған. Достық отанына айналған Қазақстан гүлдене берсін!
Жамбыл аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Сабри Асанов