Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет біртұтас ұлт берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын оқып, көңілге тоқыдық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет біртұтас ұлт берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын оқып, көңілге тоқыдық.
Ондағы «Үшінші бағдар. Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» бөлімінде «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр» -депті.
Ендігі кезек күттірмейтін мәселе ел ішіндегі емханаларды қолға алу. Осы тұста Президент: «Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі» деп дұрыс атап көрсетті. Ауылда ағайын ауыра қалса ат сабылтып, қалаға аттандамай, ел ішінде де емделуге мүмкіндік туса нұр үстіне нұр емес пе?
Жалил Аббосов , ҚХА Жамбыл облысы Төрағаның қоғамдық орынбасары