«1 наурыз – Алғыс айту күні»
Сіздерді көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген «1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Талай уақыт қиындықты бастан өткерген қазақ халқы бейбіт күннің есігін айқара ашып, тәуелсіздікке қадам басқалы ширек ғасырдан астам уақыт болды. Қай кезеңде де қазақ халқы ұлт өкілдерін қанатының астына алып, қамқорлық көрсете білді. Бүгінде түрлі этнос өкілдері қазақ жерін мекен етіп, өз туған өлкесіндей қастерлейді.
Ауызбірліктің нағыз үлгісін көрсетіп, ұлтымыздың дінін, ділін, тілін құрметтеп, мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қатаң сақтап, ұрпақтарына дәріптеуде
Айтулы күн адамзатқа барын бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға өзіндік үлесін қосады.
Алғыс айту күні – бір-бірімізге құрмет көрсететін күн, ортақ тарихымызды ұлықтайтын мереке.
Мәңгілік татулығымыз берекелі де, баянды, еліміздегі бірліктің көкжиегі кеңейе берсін. Баршаңызға денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Мереке құтты болсын!
М.Х.Дулати астындағы Тараз өңірлік университетінің “Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топ жетекшісінің орынбасары, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Парида Мамедова