ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР ТОҒЫСҚАН ФЕСТИВАЛЬ
2023 жылдың 18 сәуірінде Тараз қалалық Мәдениет үйінде бірнеше жылдан бері Жамбыл облыстық «Радонеж» Орыс қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізіліп келе жатқан «Русская мозаика» ХІІ облыстық Пасхальды фестивалі басталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өңірлік шығармашыл талантты жастарды анықтау, олардың эстетикалық талғамын дамыту, жастарды интернационализмдік бағытта тәрбиелеу. Бұл фестиваль облыс жастарының талант көзін ашуға толық мүмкіндік берді. Қазылар алқасының басты міндеті – бірнеше күн бойы қатарынан қорытынды гала-концертке қатысушы – түрлі аспаптық және вокалдық нөмірлер, хореографиялық және әдеби-музыкалық композициялар, сәндік-қолданбалы өнер туындылары иелерінің арасынан, олардың ең үздік, ең қызықты шығармаларын таңдау еді.
Фестиваль «Покрова Божией матери» ғибадатханасының шіркеушісі Димитрий әкенің құттықтау сөзімен ашылды. Одан әрі «Радонеж» Орыс қауымдастығының төрағасы Владимир Сорокин байқауға қатысушыларды қазылар алқасының құрамымен таныстырды. Оның құрамында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ержан Рысметов, фортепиано пәнінің оқытушысы Виктор Зорин те бар.
Жарыс бағдарламасы талаптарына сай шығармашылық байқаулар үш жас санаты аралығында – 10-12, 13-15, 16-18, мәселен, «Аспапта орындау», «Вокалды-хор музыкасы», «Бейнелеу және сәндік өнер», «Хореография», «Көркемсөз» сынды бағыттарда өткізілді.
Сахнаға бірінші болып бәсекелесуге «Аспаптық орындау» бойынша өз өнерлерін көрсетуге бел буған музыканттар шықты. Бұл кезең айтарлықтай ауқымды саналды, және оған жеке орындаушылар да, түрлі шығармалардағы аспаптық ансамбльдер де қатысып, байқаудың сәнін келтірді.
Әдеттегідей, осы жолғы «Русская мозаика» фестивалі қызықты, мағыналы және танымдық түрде де көңілді өтті. Жыл сайын байқауға қатысушылардың саны өсіп, олармен таңдалған шығармалардың деңгейі мен орындаушылық қабілеттерінің артып келетіндігі көз қуантады.
«Қоғамдық келісім» КММ
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі