ӨҢІРЛІК «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» ҚБ АУДАН ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық керуені» жобасы аясында өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ Шу ауданындағы Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында “Қоғамдық келісім” мекемесі “Жобаларды іске асыру және ҚХА құрылымдарымен жұмыс” бөлімінің жетекші сарапшысы Алмас Ақынтай жастарға Ассамблея институтының атқаратын қызметі жайлы ақпарат беріп өтті.

Сондай-ақ, облыстық «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Хамида Турдыева жастардың бастамаларын дамытып, әлеуметтік тұрғыда қолдауға даяр «Ассамблея жастары»  ұйымының басты бағыттарын айтып берді.

Бірлестіктің белсенді жастары Эсмер Дурсунова мен Шұғыла Жұмағали да «Ассамблея жастары» РҚБ-нің атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндап, жастарды ұйым құрамына шақырды.

Жиын соңында өңірлік ассамблея белсенділері аудан жастарымен пікір алмасып, сауалдарына жауап берді.

Сонымен қатар, бұл күні ұйым белсенділері аудандық білім бөліміне қарасты «Әсем» балабақшасына барып, түрлі қойылым кейіпкерлерін апарып, бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі. Өз кезегінде балабақша ұжымы жастарға алғысын айтып, ризашылығын жеткізді.