Өңірлік қоғамдық келісім кеңесі іс жүзінде

7

Бұдан былай Жамбыл облысының қалалары мен ауылдарында жаңа қоғамдық күш жұмыс атқаруда. Бұл жөнінде, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің конференц-залында өткен, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысында атап өтілді.

– Қазіргі уақытта облысымызда 166 қоғамдық келісім кеңестері моноқалаларда, аудан орталықтарында, ауылдық округтерде және ірі кәсіпорындарда үйлесімді жұмыс атқаруда. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясының әрі қарай дамуы жолында қоғамдық келісім кеңестерін өткізіп, оған саяси партия, мемлекеттік органдар, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктерің мыңдаған өкілдері қатысуда. Осындай Кеңестер мемлекет пен халық арасындағы әмбебап, тиімді диалогтық алаң ретінде көрсетілуде, -деп атап өтті Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе: «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және насихаттаудағы қоғамдық келісім кеңестерінің рөлі» атты тақырыпта облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми-сараптама тобының бас сарапшысы Лариса Лысова баяндама жасады. Сонымен қатар Л.Лысова қоғамдық келісім кеңестерінің өкілеттіктері мен функцияларына жіті тоқтап, билік пен басқару органдары және  азаматтық қоғамдастық институттары арасындағы үйлестіру жұмыстарына тоқталып өтті.

Кеңес отырысы барысында жасалған баяндамалар мен қойылған сұрақтарды талқылау белсенді түрде өтті. Сонымен қатар қоғамдық келісім кеңесінің ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында атқарылатын жұмыстары туралы жоспарлары талқыланды.

Кеңес құрамында қоғамдық келісім шешімдерінің орындалуына бақылау жасау саласындағы,  қоғамдық проблемаларға мониторинг жасау, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және БАҚ-пен байланыс, қоғамдық қабылдау комиссиялары мен жұмыс топтары құрылып олардың басшылары сайланды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі