«ӘЖЕМНІҢ ЕРТЕГІСІ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Жуалы аудандық Аналар кеңесі «Әжемнің ертегісі» жобасын ілгерілету
мақсатында балабақшаларға барып, бүлдіршіндерге ертегі оқып беруде.
Аталмыш жоба барысында Көкбастау ауылдық округінің Аналар алқасы №16
Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің даярлық тобына барып «Екі
дос» ертегісін айтып берді.
Бірлестік төрайымы Қаламқас Жұмабекованың бастамасымен балабақшада
белсенді аналар ертегіні балалармен бірге талқылап, тәрбиелік мәнін
түсіндірді.
*********************

ЕРТЕГІЛЕР – ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫНЫҢ АЙНАСЫ

Ертегі тыңдап өскен баланың ертеңі жарқын. Бүгінде қоғамда ертегі оқып,
естияр кеңес етер әжелер қарасы қалыңдап келеді. Бұл бағытта «Әжемнің
ертегісі» жобасының да атқаратын рөлі ауқымды.
Аталмыш жемісті жобаны Жамбыл облысында ілгерілетіп, кеңінен дәріптеу
мақсатында аудандық Аналар кеңесі жүйелі жұмыстар жасауда.
Күні кеше Жуалы аудандық Қарасыз ауылының Аналар кеңесі «Қарасаз»
бөбекжай бақшасының ересектер тобына барып, «Қарлығаш пен дәуіт»,
«Алтын сақа», «Дүниеде не күшті» секілді ертегілерді оқып берді.
Тағылымы мол танымдық сабаққа Аналар алқасының төрайымы А. Омарова,
кеңес мүшесі А.Сеңгірбаева, Қарасаз ауылдық кітапханашылары
А. Темірбаева, Б. Алпысбаева қатысып, балаларға тәттілер үлестірді.