«ӘУЛИЕАТА» ҚАЗАҚ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ ИГІ ІСКЕ АТСАЛЫСТЫ
Наурыз мейрамы өзара көмек пен қайырымдылықтың да мерекесіне айналды. Наурызнама онкүндігі бойынша «Қайырымдылық күні» аясында жамбылдық Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері мен құрылымдары ізгілікті іске сеп болып, жақсылықтың жаршысы атанып келеді.
Игі істер дәстүрін жалғастыру мақсатында облыс орталығындағы тұрмысы төмен отбасыларға барып, азық-түлік толы себеттерді таратты.
«Әрбір игі іс – жақсылықтың бастамасы. Бұл дәстүр қоғамда жанашырлық, мұқтажға көмек беру және жақсылық жасауға деген ұмтылысты арттырады» деп білген орталықтың белсенді өкілдері мұндай шараларды дәстүрлі түрде ұйымдастыруға ниетті.