ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЖОБАЛАРДЫ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Шу ауданы Төле би ауылында “Қоғамдық келісім” КММ ұйымдастыруымен мемлекеттік саясаттың түрлі бағыттары аясында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жобалар бойынша оқыту семинары өтті.

Семинарға Шу аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің подполковнигі Ажихан Абдрашев, Шу ауданы бойынша Мансап орталық филиалының кәсіптік оқыту және кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің мамандары Нуридин Қоспанов, Бауыржан Қойшыбек қатысып, әскери саладағы әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемдер туралы, ауыл тұрғындарына және жастарға арналған кәсіпкерлікті қолдау бойынша әлеуметтік маңызы бар жобалар төңірегінде бірқатар маңызды ақпараттарымен бөлісті.

Шараға этнос өкілдері тығыз шоғырланған ауылдық округтің мамандары, Шу қалалық және аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, этнос өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.