ӘЙЕЛ- ӘЛЕМНІҢ ТІРЕГІ
Бүгін, Достық үйінде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйел- әлемнің тірегі» тақырыбында ҚХА жанындағы Аналар кеңесі отырысы өтті.
Мерекелік шараға ҚХА Аналар кеңесі, этномәдени бірлестік өкілдері, серіктес мекемелер, қоғам белсенділері т.б қатысты.
Аналар кеңесі отырысы Мубарак Касымқызы Жинақбаеваның алғы сөзімен ашылды. Ары қарай қонаққа келген аналарды облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Гулам Мухтарович Умаров құттықтап, сыйлықтар тапсырды.
Жиын барысында облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы, модератор Эльмира Иниятқызы Мырза-Ғали облыстық ҚХА Аналар кеңесінің жаңа жобалары жайында таныстырды. Сондай-ақ, Аналар бас қосқан отырыста аға буынның жастармен өзара іс-қимылының өзекті тәсілдері, Аналар кеңесінің білім беру ұйымдарымен бірлескен іс-қимылдары жайында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Аналар кеңесінің жобаларын бірге жүзеге асырып жатқан серіктес мекемелер-білім,тіл,полиция басқармаларынан өкілдер,мектеп директорлары, этномәдени бірлестіктің жетекші әйелдері жұмыс жасау тәжірибелерін талқылады.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі