«Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам»
Жамбыл облысында жұмыс топтары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» Жолдауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастап кетті.
Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Жинақбаева, «Радонеж» орыс қауымдастығының төрағасы Владимир Сорокин Жамбыл облысы Шу ауданы Белбасар ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған мақсат-міндеттер талқыланды. Қатысушыларға басты мемлекеттік стратегиялық құжаттың негізгі тармақтары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Мүбарак Қасымқызының айтуынша, басты назар әлеуметтік блокқа аударылған. Іс-шараға қатысқан ауыл тұрғындарына сән-салтанат салығы енгізілетіні, одан түсетін түсімдер өмір сүру сапасын жақсартуға жұмсалатыны ерекше әсер қалдырдыі. Сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі балаларға Ұлттық қордан жыл сайынғы инвестициялық табыстың 50 пайызы аударылатыны ауыл тұрғындарын қуантты.
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы