Ұлтаралық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту жолында
2021 жылғы 29 желтоқсанда «Қоғамдық келісім» КММ-де қала әкімінің “Ұлтаралық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін” сыйлығын алуға арналған байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Қала әкімі Ержан Жылқыбаев құттықтау сөзінде бүгінгі таңда біздің қаламызда ресми тіркелген 24 этномәдени бірлестік жұмыс істейтінін, олардың қолданыстағы Конституция негізінде тең құқықтарға ие және этносаралық келісімнің қазақстандық моделін іске асырудың белсенді қатысушылары болып табылатынын атап өтті. – Сіздердің белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз бен жүргізіліп жатқан жұмыстарыңыз халықтың толеранттылық деңгейін қалыптастыруға және жалпы қоғамдық келісімді дамытуға ықпал етеді, омыған орай, мен сіздерге ризашылығымды білдіремін. Биыл Тараз қаласында алғаш рет “Ұлтаралық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін” атты қала әкімінің сыйлығына байқау ұйымдастырылды, оған 20 этномәдени бірлестік қатысты, – деп хабарлады Ержан Жылқыбаев.
Бұдан ары іс-шара марапаттау рәсіміне жалғасып, Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың қолынан үш категория бойынша этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен төрайымдары марапатқа ие болып, жеңімпаз атанды. Жеңімпаз көшбасшылар қатарында Жамбыл облыстық «Махмұт Қашқари атындағы ұйғырлар этномәдени бірлестігі» қоғамдық бюірлестігі, “Жамбыл облысының немістер қоғамы” қоғамдық бірлестігі, Тараз қалалық Өзбек этномәдени орталығы, “Әулие Ата “қазақ мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі, “Ахыска “түрік этномәдени орталығы” қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы, Жамбыл облысының “Радонеж “Орыс қауымдастығы” қоғамдық бірлестігі, Жамбыл облыстық “Вынхуа “дүнген этномәдени орталығы”қоғамдық бірлестігі бар. Барлығы жеті этномәдени бірлестік бірінші орынға ие болып, 350 000 теңге көлеміндегі сертификат алды.
Конкурстық комиссияның шешімі бойынша 2 – орындар екінші санаттағы “Жамбыл облысындағы Қазақстан Республикасының “Барбанг” күрд қауымдастығының Республикалық филиалы” қоғамдық бірлестігі, “Жамбыл облысының гректер қоғамы” қоғамдық бірлестігі, “Днипро» украин мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі, “Архыз” қарашай-балқар республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл филиалының “Бірлік” қоғамдық бірлестігі, «Айнұры» татар-башқұрт мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі жүлделі орындарға ие болды. Барлығы-250 000 теңге сомасына сертификат алған – алты жеңімпаз.
Сондай-ақ, 3-орындарға – “Вайнах “Жамбыл шешен-ингуш мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі, “Манас Ата” Жамбыл облыстық қырғыз этномәдени бірлестігі, “Самшобло” грузин этномәдени бірлестігі, Жамбыл облыстық «Полонез» «Поляк тілі мен мәдениеті» орталығы, “Қытай мәдени орталығы» этномәдени бірлестігі, Жамбыл облысының “Хазар» әзірбайжан этномәдени бірлестігі, Жамбыл облыстық “Шиват Цион еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанды. Жеті бірлестік 150 000 теңге көлемінде сертификаттарға ие болды.
Іс-шара соңы фотосессиямен аяқталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
Қоғамдық келісім “КММ
Баспасөз қызметі орталығы