Ұйғыр этномәдени бірлестігі «Үлгілі қарттар» іс-шарасын өткізді
Үстіміздегі жылдың, қазан айының 10-жұлдызында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі Қарттар күніне арналған «Үлгілі қарттар» атты іс-шара өткізді.
«Машраб» Ақсақалдар кеңесіндегі іс-шарада бірлестік төрағасы Мұхабат Тұрдыева жиналғандардың назарын ұлағатты ақсақалдардың жастарға үлгі болуына, олардың бастамаларын есте сақтауға тиіс екендігіне аударды. Біздің ақсақалдарымыз өскелең ұрпаққа өз Отанына деген патриоттық сезімдерін оятуға зор ықпал етуі тиіс екенін айтып өтті.
Бірлестік төраайымының айтуынша, олардың облыстық ҚХА-дағы жұмысының арқасында Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүрген 30 жыл ішінде ешқандай қақтығыстар болған жоқ. Сөзінің соңында Мұхабат Тұрдыева Ақсақалдар кеңесіне ұйғыр бірлестігінің жұмысына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, барлығына іс-шара барысында ол Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының экс-басшысы Жаманкөзов Бейқұт Тілебалдыұлының атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті .
Соңында ұйғыр бірлестігі Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қайым Мұсаев орталықтың жұмысы мен қолдауы үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, сол күні аталмыш этномәдени бірлестіктің Аналар кеңесінің отырысы өтіп, орталық төрағасы Мұхабат Тұрдыева қоғамдық және мәдени жұмыстарға атсалысқан көпжасты белсенді әйелдер қауымын құттықтады. Бірлестіктегі көп жылғы еңбегі үшін Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Жаманкөзовтың атынан алғыс хаттар мен қосымша түрде өз атынан сыйлықтар табыс етіп, барлық белсенділерге мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.
Жамбыл облысы әкімдігінің
ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы