Үстіміздегі жылдың 10 сәуірінде Тараз қаласындағы Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ және “Тараз қалалық өзбек орталығы” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Өзбек музыкасының тарихы” атты концерт өтті.
Үстіміздегі жылдың 10 сәуірінде Тараз қаласындағы Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ және “Тараз қалалық өзбек орталығы” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Өзбек музыкасының тарихы” атты концерт өтті.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан мәдени іс-шараның негізгі мақсаты – этносаралық қатынастарды нығайту, өзбек этносының дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын дүйім жұртқа паш ету, сондай-ақ, аталмыш этностың мәдениетімен таныстыру.
Жиынға Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев, қала тұрғындары мен қонақтары, сонымен қатар, БАҚ өкілдері қатысты. Ал мерекелік концерттің шымылдығын ақсақалдар алқасы ақ батасымен ашты. Сондай-ақ, бірлестік төрағасы Абдурахман Зайнутдинов көрермендерді Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап өтті.
– Елімізде қанша этнос тұрса да, барлығымыз бір үйдің баласындай тату өмір кешудеміз. Бұл ең бірінші көңілі дархандай кең қазақ халқының арқасы деп білемін. Одан кейін Елбасымыздың ерен еңбегі. Осындай тұлғалардың арқасында әрқашанда бейбітшілік пен келісімнің символы болып жүре бермекпіз, – деді Ол.
Концерт барысында “Томирис” би ансамблі өңір тұрғындарына мың бұралған билерін арнаса, Мирзо-Бобур Тухтамышев, Асрорбек Юсупов, Аширова Лобара, Булатов Фархад т.б. әншілер жиналған қауымға әсем әндерін арнады.
Іс-шара соңында өнер көрсеткен барша өнер майталмандары өз көрермендеріне шексіз алғысын жеткізді.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі
саясат басқармасының “Қоғамдық келісім”
КММ Баспасөз қызметі орталығы.