ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті халыққа Жолдауын бір үйдің баласындай қаламыздағы Достық үйі ғимаратына барып тыңдадық
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті халыққа Жолдауын бір үйдің баласындай қаламыздағы Достық үйі ғимаратына барып тыңдадық. Мен үшін де, ел үшін де тың, өзгеріс пен жаңашылдыққа толы, жаңа Қазақстанға жаңа бетбұрыс жасаған жолдау болды деп бек сенімді айтамын. Президентіміздің Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысынан 18-ге толмаған қазақстандықтардың жеке шотына ақша аударылады деген сөзі маған ерекше әсер етті. Ана мен бала денсаулығы, оқушылар мен студент жастардың білім алуына жағдай жасау, мектеп пен жатақхана жетіспеушілігін жою «әлеуметтік әмиян» сынды бастамаларды алға тартқаны өте оңды пікір дұрыс шешім болды. Біз ана ретінде де, ұстаз ретінде де бүгінгі жолдай жақсы жаңалыққа толы болды. Елдің игілігін, халықтың қамын ойлаған кемеңгердің сындарлы саясаты осындай болса керекті.
Әлеуметтік жағдайды жақсарту, қара халықтың тіршілігін түзеу үшін жасалғалы тұрған игі істердің енді уақытылы жүзеге асып, орындалуын тағатсыздана күтеміз.
Айгуль Кабиева , «Әулие Ата» Қазақ мәдени орталығы ҚБ төрағасының орынбасары