«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 30 ЖЫЛ» ЕСКЕРТКІШ ТАҚТАСЫ АШЫЛДЫ
Тараздағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы қарсаңында «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» ескерткіш тақтасының ашылу салтанаты өтті.
Мерейтойлық ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында Жамбыл облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Махметғали Сарыбеков сөз алып, тарихи тақтаның маңызына тоқталды. Бірлік пен бірегейліктің институты болған Ассамблеяның мерейтойына арналған ескерткіш тақтаны Жамбыл облысы әкімі Ербол Шырақпайұлы және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері Күләш Әбдікешова ашты.