Қарттарым аман-саумысың
1-қазан Халықаралық қарттар күні қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ қаламыздағы №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қарттарына арнап концерттік бағдарламасын ұсынды.
Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат – аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге ерекше көңіл бөлу, олардың қоғамдағы орнының тәрбиелік мәнін жастарға түсіндіру. Мерекелік кешке «Қоғамдық келісім» КММ этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. Концерттік бағдарламаға неміс этномәдени бірлестігінің «Поющиие сердца» және «Juwell» вокалдық ансамбльдері, «Шабыт» триосы сондай-ақ, Филипова Илья, Лапшин Вячеслав, Ишанкулова Ирада, Дүйсен Камила, Розанна Абишевалар әннен шашу шашса, «Бәйшешек», «Қарлығаш» би топтары түрлі этностардың билерін тарту етті. Аталған кешке №40 мектеп гимназияның бүлдіршіндері де өз үлестерін қосты.
Кеш соңында әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әкімшілігі мерекелік кешті ұйымдастырушыларға алғыс хат табыс етіп, дәстүрлі кешті өткізушілерге өз ризашылықтарын білдірді.
Қамкөңіл қарттар кеш соңында өздерінің ыстық лебіздерін білдіріп, естелік суреттерге түсті.
Баспасөз қызметі орталығы