ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Биылғы жылдың 21-22 қазан аралығында Алматы қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігі қолдауы және Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік Филармониясының ұйымдастыруымен ҚР этномәдени орталықтарын қатыстыру арқылы «Өнеріміз саған — Қазақстан!» атты Республикалық фестиваль өтті.
Фестивальді өткізудегі мақсат — этностар арасында ұлттық өнерді насихаттау, Қазақстан халқының бірлігін сақтау, көп түрлі мәдени ерекшеліктерін дамыту.
Атаулы жобаға өңірімізден қазақтың қара домбырасын арқау етіп, «Вынхуа» Дүнгендер этномәдени бірлестігі жастар қанатының мүшесі Ариф Шамсутдинов арнайы барып қатысып, өз өнерімен бөлісті.
Ерекше атап өтейік, домбырашы Арифтің бұл байқауға қатысуына себепші және қолдаушы болғандар — облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Республикалық дүнгендер қауымдастығы еді.
Аталмыш байқаудан Ариф Шамсутдинов үздік өнер көрсеткені үшін Алғыс хат пен марапатталды.
Барлық ҚХА, этномәдени бірлестіктер өкілдері, және «Қоғамдық келісім» мекемесі ұжымының атынан Арифті ұлттық өнерді паш етуде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаевадан алған марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ел мерейін асыруда алар асуларың көп болсын, Ариф Самаддинұлы!!
Өнерде, еңбекте, талмас қанат, қажымас қайрат, мол шығармашылық табыстар тілейміз!
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі