Құрметті қауым!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Біз үшін бұл асыға күтетін және ең ғажайып, ең ұлық мерекелердің бірі.
Наурыздың шуақты күндері бізге көктемгі жылумен қоса қуаныш пен бақыт әкеледі, табиғатта болып жатқан үйлесімділік жүрегімізге үн қосып, жақындарымызға мейірімділік пен махаббат сыйлайды.
Көктем лебі сіздерді шуағына бөлеп, әз-Наурыз әр шаңыраққа құт-береке мен молшылық әкелсін!
Әрбір үйге, әр отбасына бейбітшілік пен татулық, денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Раиса Хуртуева, Жамбыл облыстық қарашай-балқар этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы