Жуалы ауданындағы аймақтық дөңгелек үстел
2018 жылдың 12 қазанында Жуалы ауданының Нұрлыкент ауылында «Азаматтық келісімді қамтамасыз етудегі медиация институтының рөлі» атты аймақтық дөңгелек үстел өтті. Отырысқа Қоғамдық келісім Кеңесінің мүшелері, Жуалы ауданы Ақсақалдар кеңесі өкілдері және ҚХА медиаторлары қатысты. Бұл шараның мақсаты қоғамдық келісімнің қамтамасыз етілуінде медиация институтын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау. Медиатор Ғайни Кошекбаева медиация туралы және азаматтар арасындағы даулар мен қақтығыстарды шешуде оны пайдалану туралы айтты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар жанжалдарды немесе дау-дамайларды болдырмау үшін медиация тәсілін қолдану қажет деген пікірді қолдады.