Жемқорлық түбі – қорлық
Ағымдағы жылдың 4 мамыр күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша «Достық үйінде» ассамблея мүшелерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Отырысты ұйымдастырушы Жамбыл облысы әкімдігі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алып, олардың зардаптарын ашық пікірталас арқылы талқыға салды.
Жалпы сыбайлас жемқорлық адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні сөзсіз. Осындай проблемалардың алдын алу мақсатында өткен отырысты Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі, модератор Маржан Қожаева жүргізіп отырды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсұт Нәлібаев, сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Аңсар Исмагулов департаменттің I тоқсандағы атқарылған жұмыстары мен «Қоғамдық бақылау жұмыстары» бойынша баяндады. Жамбыл облыстық «Барбанг» күрділер ассоциациясының жетекшісі Хано Бабаев және ҚХА мүшесі, «Ақ желкен» жастар лигасының жетекшісі Зайнуддин Махусеев пен сыбайлас жемқорлықтың қоғамдағы кері ықпалы туралы ой қозғап пікірлерімен бөлісті.