Жамбыл облысында облыстық медиаторлар форумы өтті
4 тамызда Достық үйінде «Медиация институтының қазіргі жағдайы мен даму перспективасы» тақырыбында облыстық медиаторлар форумы өтті. Келелі кездесуге этномәдени бірлестік мүшелері, ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі, «Нұр Отан» партиясы, кәсіпкерлер палатасы, облыстық ҚХА Медиаторлар кеңесі мен кабинеті, облыстық сот, қоғамдық бірлестіктер, прокуратура, облыстық ІІД, әділет, адвокатура, жергілікті атқарушы органдар өкілдері және БАҚ қатысты.
Аталған форумның мақсаты – медиация институтының жағдайы мен даму мәселелері, ҚХА медиация құрылымының мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институтымен өзара іс-қимылының негізгі тетіктерін талқылау.
«Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің жетекшісі Валентина Досыбиева өз сөзінде өңірлік медиация институтының жұмысына тоқталды:
«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҚХА XXІV сессиясында медиация институтының дамуы Қазақстан халқы Ассамблеясының басым бағыттарының бірі екенін атап өткен болатын. Осыған орай, біздің өңірімізде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ жанынан 2016 жылдың 4 ақпанынан бастап қоғамдық қабылдау жүргізетін, тұрғындар кез-келген мәселелерімен жүгіне алатын медиация кабинеті жұмыс істеуде. Бұдан өзге сотта, облыс, қала және аудан әкімдерінің аппаратында 48 медиатор қызмет ететін 12 медиация кабинеті, сонымен қатар тұрғындарға медиациялық кеңес беретін кезекшілік мүше кеңесі ұйымдастырылған.
2017 жылдың 1 тамызы күні медиация кабинетіне 362 азамат өз өтініштерімен жүгінген. Ал ҚХА медиаторларының арқасында 300 даулар және қақтығысты жағдайлар шешілген. Айта кетерлік жағдай, азаматтардың берген өтініштерінің ішінде этносаралық келіспеушілік пен шиеленіс бойынша өтініш түспеген».
«Медиация институтының қазіргі жағдайы мен даму перспективасы» атты Жамбыл облысы ҚХА медиаторлары форумы қатысушылары алдында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ медиация секторының меңгерушісі Жанар Усипбекова «Қазақстандағы медиация институтының жағдай мен даму перспективасы» атты баяндама жасады. Облыстық сот координаторы Динара Нурлыбаева өз сөзінде «Өңірдегі дауларды медиация тәртібімен міндетті түрде сотқа дейінгі реттеу пилоттық жобасын іске асыру туралы» өз пікірін ортаға салды. Тараз қалалық әділет басқарамасының басшысы Гүлнәр Кушекова баяндамасын даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігіне арнады.
Іс-шара соңында қатысушылар 2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Жамбыл облысы КХА хатшылығына «Қоғамдық келісім» КММ кұрылымында өнірлік медиация институтын тиімді дамыту мақсатында медиация бөлімін ашу мәселесін қарастыруды; облыстық сот, прокуратура, ішкі істер департаменті, Жамбыл облысы әкім аппаратының ішкі саясат бөлімі, Жамбыл облысы әкімі аппаратының дін және азаматтық қоғам, облыстық білім, денсаулық сақтау басқармалары, адвокат, сот және нотариус кеңестері, ЖОО, медиация орталықтары, этномәдени бірлестіктері, Жамбыл облысындағы коғамдық медиаторлары мен тұрақты түрде азаматтық істердің барлық санаттары мен қылмыстық істерде медиацияға жүгінудің артықшылықтары бойынша жұмыстын жандандыруды; тұрақты түрде өңірдің барлық аудандарында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат беріліп, ашық есік күндері өткізілуі тиіс; ел азаматтарына арналған медиация бойынша семинар-тренингтер, шеберлеу сыныптарын жүргізуді; Жамбыл облысы әкімі аппаратының “Қоғамдық келісім” КММ бюджетіне өңірлік ҚХА медиаторларының біліктілігін арттыру үшін қаражат бөлуді ұсынды.
Тағы бір айта кетерлігі, форум аяқталған соң, «Қоғамдық келісім» РММ медиация секторының меңгерушісі Жанар Усипбекова Жамбыл облысындағы медиация кабинеттерінің жұмысын жақсарту мақсатында өңірлік медиаторларға арнап семинар-тренинг өткізді.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі