Менің отбасымның дәстүрлері
Қазақстан Республикасының Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы №511 Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні деп бекітілген болатын.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде «Достық үйі» ғимаратында облыстық ассамблея хатшылығының қолдауымен, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырумен Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»бағдарламалық мақаласы аясында отбасы күніне арналған «Менің отбасымның дәстүрлері» аттыэтномәдени бірлестіктер арасындағы отбасылық фестиваль өтті.
Фестивальдің басты мақсаты облыстағы этномәдени бірлестіктер арасында қарым-қатынас пен тұрақтылықты, бірлікпен татулықты нығайту. Ұлттық дәстүрлерін келер ұрпаққа дәріптеу.Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, жасы үлкендерге құрмет көрсету, балаларға қамқор болу, дәстүрді өзара қолдау, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлықты арттыру, Отбасы ынтымағы мен дәстүрлерді сақтау, отбасының мерейін барынша үстем ету.
Отбасы – біздің қоғамымыздың құндылықтарын сақтаушы аса маңызды институт. Сондай-ақ, қатысушы үміткерлерге өз бағасын беретін әділ- қазылар алқасының құрамында Жамбыл облысы әкімдігінің Мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары -Сабекова Шолпан Торебекқызы, Рухани жаңғыру орталығының маманы – Сарманбетов Ерболат Бекболатұлы, облыстық «Аналар кеңесінің» орынбасары – Плетнева Аракси Ваграмовна және Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ әдіскерлер бөлімінің басшысы – Құрманқұлова Сәуле Досымбекқызы болды. «Дәстүрге айналған фетивальге биылғы жылы 13 отбасы қатысты. Алғашқы жылдары небәрі 5 отбасының қатысуымен бастау алған шара алдағы уақыттарда саны арта түседі деген сенімдеміз» – дейді қазылар алқасының төрайымы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің әдіскерлер бөлімінің жетекшісі Сәуле Досымбекқызы.
Байқауға Тараз қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің атынан Балтаходжаевтар отбасы, «Днипро» украин этномәдени бірлестігінен Клименко отбасы, Қордай ауданы «Дүнген этномәдени бірлестігінен» Щилязовтар отбасы, Тараз қаласы «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Юнусовтар отбасы, Жамбыл облыстық «Радонеж» Орыстар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Платовтар отбасы, «Жамбыл облыстық Махмұт Қашғари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі Тудахуновтар отбасы, Байзақ ауданы бойынша монғол ұлытынан Жаба және «Кәріс этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінен«Сон» отбасылары қатысты. Жамбыл ауданы «Дүнген этномәдени бірлестігінен» Машанло отбасы, «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бірлік – қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы» қоғамдық бірлестігінің Т.Рысқұлов ауданынан Байрамуковтар отбасы, Тараз қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің атынан Мырзаковтар отбасы, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінен Ахметовтар отбасыжәнеМерке ауданыТүрік этномәдени бірлестігіДурголовтар отбасы қатысты.
Фестивальде барлық отбасы таныстыру, өздерінің ұлттық дәстүрлерін көрсету және өнерлі отбасы сынды үш бөлім бойынша бақтарын сынады.
Бірінші таныстыру бөлімі бойынша әр отбасы өздері жайлы және өз отбасының мүшелері фото, видео материалдарды пайдалана отыра жанұясының дәстүрлері жайлы айтады. Екінші өздерінің ұлттық дәстүрлерін көрсету бойынша фестиваль қатысушылары өз ұлтының ұлттық дәстүрін көрсету қажет (кез-келген тақырыпта).
Сонымен қатар,ат қою рәсімін өткізу( дүниеге келген жас сәбиге есім беру,ат қою) дәстүрлі халықтық салт-жоралғылар көрсетіледі;отбасындағы адамның мәртебесін жүктеу(жасөспірім жасына, жас жігітке, жетілген және жасына жеткен отбасы мүшесінің құқықтары мен міндеттері);қыздар мен ұлдарды тәрбиелеу ерекшеліктері; жұмысқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;Отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастардың сипаттамалары; салауатты өмір салтын қалыптастыруды (дене шынықтыру және спорт,дұрыс тамақтану) көрсетеді. Үшінші кезең өнерлі отбасы деп аталд. Бұл кезеңде әр отбасы әуенді көрініс дайындап келуі тиі. Регламент 5 минутты құрайды.
Фестиваль барысында қонақтарға арнап «Үкілім» би ансамблі мен «Болашақ» вокалдық триолары өз өнерлерін көрсетті.
Нәтежиесінде, гран при Қордай ауданынан келген алты ұлдары бар Щилязовтар отбасына бұйырды. Ал, бірінші орын облысымызға белгілі асаба, Жамбыл облыстық «Радонеж» Орыстар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің атынан өнер көрсеткен Платовтар отбасына бұйырды. Екінші орынға Байзақ ауданынан келген, ұлты монғол Жаба және Жамбыл ауданы «Дүнген этномәдени бірлестігінен» қатысқан Машанло отбасыларының қанжығасына байланды. Үшінші орынға Базақ ауданы «Кәріс этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігіненСон және Т.Рысқұлов ауданынан«Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігі Бірлік – қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы» қоғамдық бірлестігінің Байрамуков отбасылары лайық деп танылды. Қалған отбасыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Фестиваль соңында қатысушы отбасылардың барлығына бірдей бағалы сыйлықтар мен марапаттау қағаздары берілді.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі