ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА “ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ” ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Жуалы ауданында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Достық керуені» жобасы аясында ауқымды іс-шара өтті.

Шараға Жамбыл облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Жуалы аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен белсенді мүшелері, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы мен мүшелері, Жуалы аудандық Аналар кеңесінің төрайымы мен белсенді мүшелері, ішкі саясат бөлімі қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі, аудан және ауыл этнос жастары, мектеп оқушылары, студенттер, ауыл тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.

Шараның мақсаты — ҚХА этномәдени бірлестік мүшелерінің халықпен кездесулерін өткізу мен коммуникациялар қалыптастыру, этносаралық саладағы тәуекелдердің алдын алу үшін жастар, мәдени және басқа да құрылымдар нысанындағы диалог алаңдарының жұмысына қатысу.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім”КММ «Ғылыми-сараптамалық қолдау» бөлімінің сарапшылары Жуалы ауданының Б.Момышұлы, Көлбастау ауылдарының тұрғындарына әлеуметтік-зерттеулер мен этносаралық бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі