Жамбылдық этнос өкілдері «Good Look» өндіріс орнында барып қайтты
Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерінің жергілікті бюджетті тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік сектор саласындағы прогрессивті технологияларды ілгерілету жұмыстарына тарту бойынша жол картасына сәйкес облыстық этномәдени бірлестік өкілдері «Good Look Сауда үйі» ЖШС жем шығару өндіріс орнына барып, жұмыс барысымен танысып қайтты.
Кездесуге Жамбыл облысы этномәдени бірлестік жастары «ГудЖем» ЖШС жем шығару өндірісіндегі мамандар, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, агроөнеркәсіп саласындағы мамандар, қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері және облыстық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты.
Агроөнеркәсіптік сектор саласындағы прогрессивті технологиялармен таныстыру кездесуін Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесі мен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.
Тараз қаласындағы «Good Look Сауда үйі» ЖШС жем шығару өндірісі «GOODZHEM» тауарлы маркасымен жылқының, мүйізді ірі қара малдың, ұсақ малдың, құстардың құрама жемдерін өндіреді. 2017 жылдың 1желтоқсанынан іске қосылған өндіріс орны бүгінгі таңда өзінің тауарлық брендін қалыптастырған өндіріс орны бір жарым мыңнан астам жемнің түрімен облыс көлемін ғана емес еліміз бен алыс-жақын шет елдердің де ауылшаруашылық салаларын қамтамасыз етіп отыр. Өндіріс орнының серіктестік сату бөлімінің басшысы Мұхаммед Үсенбаевтың айтуынша бүгінде серіктестік өнімдері Түркменстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттеріне экспортталып жатыр екен. Өндіріс орны қазір 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бір тәулікте 480 тонна өнім өндіретін өндіріс орнында 4000 тонналық астықты шикі күйінде сақтау үшін Түркия құрылғыларымен екі элеватор салынуда.
- Элеватор бағаны тұрақты ұстап тұру үшінде өте пайдалы болмақ. Біз астықты еліміздің түпкір-түпкіренен аламыз. Бірінде арзан бірінде қымбат келеді. Дегенмен жаз айларына қарағанда күз айларында астық бағасы қымбаттай түседі. Мәселен, күз мезгілінен бастап бидай бағасы артады. Осы уақытта біз элеваторда сақталған бидайымызды пайдаланып, баға тұрақтылығын сақтаймыз, – дейді, Мұхаммед Еділбайұлы. Сондай-ақ, мұнда өндірілетін жем қорегімен 6-7ай бордақыланатын ірі қара малдарды небәрі 3-4 ай ішінде семіртуге болатынында тілге тиек етті.
Өндіріс орны толықтай автоматтандырылған технологиялармен қамтамасыз етілген және мұнда қауіпсіздік сақтау ережелері де дұрыс жолға қойылған. Сондай-ақ, өнідіріс ошағында жемнің құрамын арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы бағдарлап, ал, әр астық арайы лабараториялық тексерістен өтіп отырады. Лабартория қызметкері Сонина Евгения астықтың құрамы мен сапасын анықтайтын «Инфралумь» деген құны 5 млн теңге тұратын құрылғы Украинадан арнайы алынды, қазір құрылғы жүгімізді жеңілдетіп, өндіріс орнының жұмыс сапасын арттыруға септігін тигізіп отыр дейді.
Өндіріс орнындағы этнос өкілдері жастарының кездесуінің соңы жемнің қалай жасалу жолдарын және жұмыс барысындағы техникалардың атқаратын қызметтерін тамашалаумен аяқталды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі