ЖАМБЫЛДЫҚ ҚАРАШАЙ-БАЛҚАРЛАР МӘДЕНИЕТ КҮНІН АТАП ӨТТІ
Жамбыл облыстық «Архыз» этномәдени бірлестігіне 80 жыл болса, балқарларға 79 жыл толды. Аталмыш қос бірлестік
2023 жылдың 26 қарашасында мәдениет күнін атап өтті.
Қонағы мен көрерменін тәнті етіп, талай адамды тамсандырған келелі шарада бірлестіктің бай мәдени мұрасы – этникалық тағамдары мен киімдері ұсынылды.
Салтанатты жиында «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова, қарашай-балқар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Леля Узденова және бірлестік жанындағы Ақсақалдар мен Аналар кеңесінің өкілдері сөз сөйледі.
Мереке барысында этномәдени бірлестік белсенділері алғыс хаттармен марапатталып, кішкентай қатысушылары сыйлықтарға ие болды.
Шара осы этномәдени бірлестіктің өнерлі өкілдерінің қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.
Тау халықтарының жалынды «Лезгинка» биі, сондай-ақ М.Мақатаевтың «Отан» атты поэмасынан үзінді, «Мама» әні және т.б. шығармашылық нөмірлер ешкімді де бей-жай қалдырған жоқ.
Барлық қатысушылар іс-шарадан үлкен әсер және жақсы көңіл-күймен тарқасты.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі