Заңның 10 жылдығына арналған «Медиация туралы» Ашық есік күні өтті
Ағымдағы жылдың ақпан айында Жамбыл облысының прокуратурасы жанындағы Құқықтық мониторинг орталығының алаңында «Медиация туралы» ҚР Заңы және оның қолданылуы бойынша Жамбыл облысының прокуратурасы ұйымдастырған құқықтық түсіндіру жұмысы өтті. Оған
облыстық прокуратура өкілдері, судьялар, өңірлік ҚХА медиаторлары, адвокаттар, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты – қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының дауларды реттеуде медиация институтын жандандыру.
Облыстық прокуратураның 2-ші басқармасының бастығы Алмас Меңлібаев өз баяндамасында: «Талдау көрсеткендей, 2020 жылы сотқа дейінгі тергеу барысында тараптардың татуласуына байланысты 1387 іс тоқтатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда сотқа жіберілген істердің саны 16% – ға азайды. Бұл сандар қоғамдағы жанжалдың төмендеуін, сот жүктемесінің төмендеуін және аймақтағы дауларды шешуде медиация халық арасында танымал бола бастағанын көрсетеді»- деп атап өтті. Сондай-ақ, қатысушыларды ҚР Жоғарғы Сотының 21.06.2001 ж. нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы түсіндіре келе, «ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы», оған қоса, (6-бап) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының татуластыру рәсімдерін пайдалануы туралы ережелерімен таныстырды.
Жиын барысында Медиация кабинетінің жетекшісі Валентина Досыбиева да үш жыл бұрын Жамбыл облысының ҚХА облыстық сотпен бірлесіп, осы құқықтық қызмет көрсету орталығын ашқанын, онда ҚХА медиаторлары азаматтарға өзекті мәселелер мен даулар бойынша кеңес беретінін атай келе, «Мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық аймақтағы медиация институтын дамытуға үлкен серпін береді, осы бірлескен жұмысты жалғастыру қажет!», – деп қорытындылады.
Іс-шара соңы ҚХА медиаторлары дауларды сотқа дейін реттеуге қатысты келелі мәселелерді көтерумен бірге, қатысушылар Жамбыл облысында Медиация институтын дамыту бойынша нақты ұсыныстар қабылданғанымен аяқталды.
Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ
«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығы