ЗАҢҒАР ЖАЗУШЫ ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВҚА 95 ЖЫЛ

Астанадағы республикалық ҚХА-ның Достық үйінде Ш.Айтматовтың 95 жылдығына орай «Шыңғыс Айтматов. Дәуір. Тұлға. Гуманизм» атты Халықаралық конференциясы өтті. Конференцияны Қазақстан халқы Ассамблеясы Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Келелі жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының басшылары мен мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Астанада аккредиттелген елдердің Төтенше және Өкілетті Елшілері, Қазақстанның, Қырғызстанның, Германияның, Ұлыбританияның, Вьетнамның қоғамдық және саяси қайраткерлері, ТҮРКСОЙ халықаралық түркі мәдениеті ұйымының өкілдері қатысты.

Атап өтейік, алқалы жиынға Жамбыл облысынан «Манас ата» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Абзалбек Меңдібаев барды.

Жиында заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы мен өнегеге толы өмірі бастан-аяқ қазақ халқымен тығыз байланысты болғандығы және мерейлі датаға орай өткізілетін жиындар жоспары туралы ұсыныстар талқыланды.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі