«Ынтымақ- достық кепілі»
Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығында 1 мамыр халықаралық бірлік күніне орай, Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен, этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Ынтымақ- достық кепілі» атты мерекелік іс-шарасы өтті.
Бұл шараның негізгі мақсаты – Қазақстан этностарын топтастыру арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, рухани бірлік идеяларын қалыптастыру және тарату, халықтар достығы мен этносаралық келісімді нығайту және сақтау болып табылады.
Аталмыш концертте «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкері Ағаділ Ринат және «Калинка» вокалдық ансамблі жанды дауыста ән шырқады. Сондай-ақ, мың бұралған бишілер әр этностың ұлттық билерін көрерменге тарту етті.
«Қоғамдық келісім» КММ «Ақпараттық жұмыс және қоғамдық байланыс» бөлімі