ҚХА МҮШЕЛЕРІ МИНИСТРЛІКТІҢ «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» МАРАПАТТАЛДЫ

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілхан және «Дүнгендер республикалық этномәдени орталығының» төрағасы Зайнуддин Махусеев Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Аталмыш марапатты қала әкімі Бақытжан Орынбеков және қалалық мәслихат хатшысы Кенжебек Олжабай Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен мерекелік салтанатты жиында табыстады.

Шаһар басшысы жиналған көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, облыс орталығының дамуына атсалысқан өзге де азаматтарды марапаттап, құрмет көрсетті.

ҚХА «ЖОМАРТ ЖАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 22 қазанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан халқыАссамблеясы Төрағасының орынбасары– ҚР Президентінің Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА «Жомарт жан» республикалық орталығының төрағасы Евгений Больгерт, ҚХА «Жомарт жан» өңірлік орталықтарының төрағалары мен мүшелері, Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының мүшелері қатысты. Жамбыл өңірінен аталған жиынға «Ахыска» Түрік этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Жалил Аббосов қатысты.

Іс-шарада ҚХА қайырымдылық қызметін үйлестіру мәселелері және «Жомарт жан» республикалық орталығының алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, «Ш.Қалдаяқов» атындағы Облыстық филормония ғимаратында «25 қазан – Республика күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті. Аудан әкімі Р.Мыңбаев қонақтарды мерекелерімен құттықтап, тілек білдірді. Жиында ауданның дамуына елеулі үлесін қосып, түрлі салаларда жетістікке жеткен азаматтарымыздың еңбегі еленіп, «Алғыс хаттар» табысталды. Салтанатты іс-шарада «Республика күнінің» маңыздылығын атап өтетін бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, мәдениет мекемелерінің өнерпаздары өз өнерлерімен мерекенің сәнін кіргізіп, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті.

1 наурызда бастау алған акцияның республикалық форумына еліміздің барлық өңірлерінен волонтерлер мен қайырымды жандар жиналды. Олардың қатарында Жамбыл жерінен «Облыстық «Вынхуа» Дүнгендер этномәдени орталықтары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы — Айша Идыбо, Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махкам Орифов, «Қазақстан дүнгендерінің республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Зайнуддин Махусеев және «Ахыска» Түрік этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары Жалил Аббосовтар қатысып, марапатталды.

Естеріңізде болса ерте көктемде бастау алған акция аясында ерекше назар аударылған «Жүректен жүрекке» және «Мектепке жол» сияқты көптеген экологиялық, волонтерлік және қайырымдылық іс-шаралар өткізілген болатын.

Жиын барысында «Қайырымдылық керуеніне» қатысушыларды қайырымдылыққа қосқан елеулі үлесі үшін «Жомарт жан» ҚХА құрмет белгісімен меценаттар, волонтерлер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері марапатталды.

 

АУДАНДАҒЫ ЭТНОС ЖАСТАРЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН САЙЫСҚА ТҮСТІ

«Достық керуені» жобасы шеңберінде Шу ауданында өткен іс-шаралар бағдарламасына сай аудандағы этнос жастары арасында ұлттық ойындар спартакиадасы ұйымдастырылды.

Аталған спорттық сайыс облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Жарыс бағдарламасы аясында аудандағы колледж сутденттері «Асық ойнау», «Ләңгі тебу», «Арқан тарту», «Қол күрес», «Гір тасын көтеру» сынды ұлттық ойындарды дәріптеп, жеңімпазды анықтады. Өскелең ұрпақты тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, баулитын жарыс – этнос жастары арасындағы ынтымақты нығайтатыны күмәнсіз. Ұлттық спортты ұлықтаған дода қызу әрі тартысқа толы өтті. Жанкүйерлердің делебесін қоздырған спорттық сынның қортындысына сай, жеңімпаздар мен жанкүйерлер анықталып, марапатқа ие болды.

ӨҢІРЛІК «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» ҚБ АУДАН ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық керуені» жобасы аясында өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ Шу ауданындағы Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында “Қоғамдық келісім” мекемесі “Жобаларды іске асыру және ҚХА құрылымдарымен жұмыс” бөлімінің жетекші сарапшысы Алмас Ақынтай жастарға Ассамблея институтының атқаратын қызметі жайлы ақпарат беріп өтті.

Сондай-ақ, облыстық «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Хамида Турдыева жастардың бастамаларын дамытып, әлеуметтік тұрғыда қолдауға даяр «Ассамблея жастары»  ұйымының басты бағыттарын айтып берді.

Бірлестіктің белсенді жастары Эсмер Дурсунова мен Шұғыла Жұмағали да «Ассамблея жастары» РҚБ-нің атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндап, жастарды ұйым құрамына шақырды.

Жиын соңында өңірлік ассамблея белсенділері аудан жастарымен пікір алмасып, сауалдарына жауап берді.

Сонымен қатар, бұл күні ұйым белсенділері аудандық білім бөліміне қарасты «Әсем» балабақшасына барып, түрлі қойылым кейіпкерлерін апарып, бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі. Өз кезегінде балабақша ұжымы жастарға алғысын айтып, ризашылығын жеткізді.

ОБЛЫСТЫҚ ҚХА АНАЛАР КЕҢЕСІ “ДОСТЫҚ КЕРУЕНІНДЕ”

«Достық керуені» жобасы аясында өңірлік ҚХА Аналар кеңесі Шу аудандық Аналар кеңесімен кездесу өткізді.

Кеңес отырысын облыстық  «Қоғамдық келісім»  КММ жобаларды жүзеге асыру және ҚХА құрылымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Аққу Қаратаева ашып, жүргізді.

Алқалы жиында өңірлік ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Сара Даузова республикалық «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында «Салауатты сана» жобасын таныстырды. Жобада аталған нашақорлық, ысырапшылдық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм секілді әлеуметтік кеселдерге тосқауыл қою қажеттігін алға тартып, кеңес мүшелерін бірігіп жұмыс жасауға шақырды.

Жиында бұдан өзге ҚР Президентінің биылғы Жолдауында айтылған жастарға қатысты зиянды әдеттерден арылу, жасөспірімдермен тіл табысу, жастар арасындағы басқа да тәуелділіктердің алдын алу, олармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу сияқты мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, аудандық Аналар кеңесі де өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Бүгінде нәпақа табамын деп, еңбекке ерте араласып жатқан жасөспірімдер жетерлік. Ал оның бала денсаулығына қаншалықты зиян келтіріп жатқандығына аналар алаңдаулы. Қоғамның өзекті тақырыбына айналған мәселені кеңес отырысында ҚХА Аналары кеңінен қаузады.

Бұдан соң, өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт»  жобасын ілгерілету мақсатында отбасы құндылықтарын сақтау бойынша орамды ойларын айтып, ұсыныстарын жеткізді.

Жиын соңында аймақтағы тұтастық пен бірлікті сақтап, ҚХА жобаларын жүйелі жүзеге асыруға атсалысқан аудандық кеңес мүшелері марапатқа ие болды.

ЖОБА АЯСЫНДА ҚХА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шу ауданында өткен «Достық керуені» жобасы аясында «Адал азамат – әділетті қоғам» атты өңірлік Ақсақалдар кеңесінің көшпелі отырысы ұйымдастырылды.

Жиынды облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілхан жүргізді.

Басқосуға облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Шу аудандық Ақсақалдар кеңесі мен этномәдени орталықтарының өкілдері қатысты.

Келелі кездесуде Асқарбек Ақылшаұлы биылғы ҚХА сессиясы мен Ұлттық құрылтайда көтерілген негізгі мәселелерге тоқталып, ҚХА-ның “Адал азамат” жобасы туралы кеңес мүшелеріне кеңірек ақпарат берді.

Сондай-ақ, Шу аудандық Ақсақалдар алқасының төрағасы Ержан Өмірәлиев, Облыстық «Ахыска» Түрік этномәдени бірлестігі Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ибрагим Зуфаров, «Манас-Ата» Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Абзалбек Меңдібаевтар сөз алып, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту, жастарды қоғамға адал қызмет ететін ұрпақ етіп тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің этносаралық коммуникация тілі ретіндегі рөлін нығайту, ұлттық құндылықтарды ұлықтап, салт-дәстүрімізді жаңғырту бағытында тұшымды пікірлерін білдірді.

Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Ұлы қазақ даласының билігінің белгілі дара тұлғалары –Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бастаған дана билердің ел арасындағы кез келген дауды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, ауызбіршілігін, тұтастығын сақтауға үлкен рөл атқарғаны баршамызға белгілі. Осы орайда, «Қоғамдық келісім» мекемесінің «Медиация» кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева ақсақалдарға медиация төңірегінде баяндама жасады.

Отырыс соңында өңіріміздегі бірлік пен тұрақтылықты сақтауға белсене атсалысқан аудандық Ақсақалдар алқасының мүшелері марапат төрінен табылды

ТАТУЛЫҚҚА ҮНДЕГЕН «ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ШУ АУДАНЫНДА

Жамбыл облысының 85 жылдығына орай, ағымдағы жылдың 21 қазанында Жамбыл облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен ҚХА-ның «Достық керуені» жобасы жолға шықты.

Өңірімізді мекен еткен этностарды татулыққа үндеген «Достық керуені» жобасы алғашқы сапарын Шу ауданынан бастады. Керуен құрамында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар мен Аналар кеңесі, этномәдени бірлестік жетекшілері және өңірлік «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері бар.

Жобаның алғашқы жұмысы аудандық мәдениет үйіндегі этномәдени бірлестіктердің салт-дәстүрімен танысудан бастау алды. Шараның ашылу салтанатында Шу аудандық ішкі саясат бөілімінің басшысы Бауыржан Төлегенов, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова, облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Асқарбек Сейілхан керуен көшінің мән-маңызына тоқталды.

М.Әуезов кітапханасында «Ерікті ел — Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтті

Үстіміздегі ​жылдың қазан айының 18-інде Республика күні қарсаңында Тараз қалалық М.Әуезов кітапханасының ұйымдастыруымен «Ерікті ел —Қазақстан» атты тақырыпта ҚХА мүшесі, татар этносының өкілімен дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш іс-шараның мақсаты — білім алушылардың бойында туған еліне деген құрмет пен отаншылдық құндылығын дамыту.

Іс-шараға «Қазақстандық Татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы филиалының төрайымы Фарида Нақыш қатысып, Республика күнінің маңыздылығы, жастардың тәлім-тәрбиесі және Татар бірлестігінің ел мерейін өсіруге қосқан үлесі туралы айтса, ​Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ Көрме залының меңгерушісі Жазира Шілдебаева кітапхана оқырмандарына өңірлік Қазақстан Халқы Ассамблеясының еліміздегі тұрақтылық пен келісім жолында жасалып жатқан жұмыстары жайлы айтып өтті.

Дөңгелек үстелге қатысқан жастар қонақтарға өздерін толғандыратын сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Іс-шара соңында келушілермен естелік фотосессия жасалып, аталған кітапхана ұжымы арнайы ұйымдастырған кітап көрмесі тамашаланды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН «ТІЛ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Ағымдағы жылдың 14 мен 18 қазан аралығында Жамбыл облысының Меркі ауданында ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктеріне арналған «Тіл мектебі» жобасы өтті.

Жобаның салтанатты ашылуына Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Дәурен Тайлеев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы Шынар Таукибаева, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының орынбасары, өңірлік «Ассамблея жастары» РҚБ төрайымы Хамида Турдыева, сондай-ақ, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, тренерлер мен әдісткерлер, жастар қатысты.

Бұл жоба мемлекеттік тілді меңгерудің жаңа заманауи әдістерін қолдану арқылы этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін насихаттау және нығайту мақсатында жыл сайын өткізіледі.

Тілік ортаға тарту әдістемеліктің авторы Жанат Қажығалиева дидактикалық ойын өткізді, қатысушылар қазақ тілін оқытудың педагогикалық-психологиялық аспектілерімен танысты.

Сондай-ақ, қатысушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын білуге ​​арналған түрлі тақырыптық интерактивті бағдарламалар ұсынылды. Анастасия Ульченко «Оңай қазақшаның» күнделікті өмірінде қазақ тілін қолдану бойынша практикалық тренингтер өткізді. Сергей Хван бір етістікті қолданып қазақ тілінің құрылымын түсіну, ассоциацияларды қолдана отырып, қазақ тілін үйрену бойынша өзінің «Қазақ тілі, так легко!» практикалық сабақтарын өткізді.

Қатысушыларға қазақтың ұлттық салт-дәстүрін білуге ​​арналған презентациялар дайындалып, домбыра кеші өткізілді, сондай-ақ, Жамбыл облысының аумағында «Жамбыл өңірі – Жаңарған өңір», «Жайқалған мекен» атты экскурсия ұйымдастырылды, тарихи-өлкетану мұражайын мен ауданның көрікті жерлерін аралады, облыстық Ақсақалдар кеңесінің өкілдерімен бірге «Анаға тағзым» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Ерекше қызығушылық тудырған қазақ мәдениеті күні, қатысушыларға ұлттық тағамдарды, «сырға салу», «тұсау кесу», «беташар», «табақ тарту» ұлттық дәстүрлерінің көрінісін дайындауға мүмкіндік берілді.

Жалғасында облыстық Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесінің мүшелері Жаңатоған кентінің тұрғындарымен бірге қатысушыларға арналған «Ауылдын алты ауызы. «Қонақ кәде» қазақ халық өнерінің көрмесі («ертоқым зерделері», «киіз басу», «құрт жаю», «зергерлік бұйымдар»), шеберлік сабақтар, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Осындай ауқымды шараға биыл барлық облыстардан 30-ға жуық адам қатысты. Қатысушылар ішінде қазақ тілінде сөйлейтін және этносаралық қатынас тілі ретінде насихаттайтын – жастар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, бес күн бойы мәдениет, салт-дәстүр, әдет-ғұрып арқылы тілдің қыр-сырын меңгерді.

Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.