Қоғамдағы жанжал көрсеткіштерін төмендетуде халықтың жаппай баратын орындарында қоғамдық қабылдаулар өткізу маңызды рөл атқарады

Қоғамдағы жанжал көрсеткіштерін төмендетуде халықтың жаппай баратын орындарында қоғамдық қабылдаулар өткізу маңызды рөл атқарады.Құқықтық көмек көрсету үшін Жамбыл облысының «AMANAT» партиясы облыстық филиалының, «Кәсіподақ орталығының»  қабылдаулары осыған дәлел деуге болады. Бұл азаматтар, соның ішінде қоғамдық және кәсіби медиаторлардан білікті көмек алатын халықпен жұмыс істеудің жаңа түрі. Мамандардың консультациялық көмегі еңбек, отбасылық және басқа салалардағы көптеген мәселелерді соттан тыс шешуге, туындаған сұрақтарға жауап алуға көмектеседі. Адамдар қарым-қатынас орнатуды , мәмілеге келуді үйренеді.

Федорова Ирина Геннадьевна-Жамбыл облысы ҚХА медиаторлар кеңесінің төрағасы, облыстық «Радонеж” Орыстар қауымдастығы»  ҚБ кеңесінің мүшесі, азаматтық құқықтарды қорғау жетекшісі, кәсіби медиатор

 

Қоғамдық бірлік пен бірегейлік қазіргі қоғам дамуының қозғаушы күшіне айналды

Қоғамдық бірлік пен бірегейлік қазіргі қоғам дамуының қозғаушы күшіне айналды. Бұл материалдық және адами ресурстарды неғұрлым орынды пайдалануға, материалдық әл-ауқат пен мәдени деңгейді арттыру міндеттерін тезірек шешуге мүмкіндік береді.

Біз-Қазақстан халқы, өңірдің ҚХА медиация қызметі мемлекетіміздің этносаясатын адамдарға түсіндіру және этносаралық қатынастар саласындағы жанжалдарды тиімді шешу арқылы елдегі халықтың бірегейлігі мен бірлігін нығайтуға өз үлесін қосады деп сенеміз.

Бүгін біз бәріміз елімізде этносаралық келісімді сақтау және нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруда ынтымақтастыққа және өзара тиімді нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуымыз керек!

 

Дауылбаева Сәуле Раймалқызы – Жамбыл аудандық Гродеково орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, өңірлік ҚХА медиаторы.

Барлық отбасында кикілжіңдер орын алуы қалыпты жағдай

Барлық отбасында кикілжіңдер орын алуы қалыпты жағдай. Алайда, сол кикілжіңдердің алдын алмаса бүтін отбасы құрдымға кетуі мүмкін. Сондай жағдайда, біз, “Отбасылық медиация” мамандандырылған оқытудан өткен Аналар кеңесінің өкілдері отбасылық құндылықтарды сақтау және дамудың әртүрлі кезеңдерін бастан өткерген ата-аналар мен отбасыларға қажетті көмек көрсету үшін үлкен жұмыс атқарып жатырмыз.

Біз медиация арқылы отбасыларды сақтауға көмектесеміз, ал басқа жағдайларда, бұл мүмкін болмаған кезде, достық қарым-қатынасты сақтай отырып, ажырасуға көмектесеміз.

 

Плетнева Аракси Ваграмовна-Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесі төраймының орынбасары, Еңбек ардагері, Жамбыл облыстық «Полонез» «Поляк тілі мен мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі

Жамбыл облысының медиация кабинеті қызметінің

Жамбыл облысының медиация кабинеті қызметінің бағыттарының бірі отбасылық дауларға ықпал етуші медиация болып табылады.

Біздің жұмысымыз отбасылық жанжалдардың алдын алу, оны болдырмау. Бүгінгі таңда отбасылық құндылықтарды сақтау үшін жастармен кездесулер, диалог алаңдары өзекті бола бастады. Онда жас отбасында туындайтын проблемалық мәселелер талқыланып, отбасылық өмірге дайындық және қарым-қатынас орнату бойынша құнды нұсқаулар беріледі.

 

Амирова Нұрлыгүл Сейсенбайқызы – Жамбыл ауданы ҚХА медиаторы, аудандық мәслихат депутаты.

ДОСТЫҒЫМЫЗ БЕКЕМ

Ассамблея ісі – қасиетті іс.Сондай-ақ еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтас­тық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы.

Халықтар достығын берік ұстауға, нығайтуға да қосар үлесі зор.

Қазақстан көпэтносты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде ҚСРО-дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келгендерді жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпэтносты мемлекет атанып отыр.

Дәл Қазақстан сияқты этностар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Барлық этностар терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған .

Осы тұрғыда мемлекеттің бірден-бір алға қойып мақтанар айнасы – этносаралық татуластық. Жер шарының картасына көз салсақ қазақ жерінің ұлан-байтақ атырапты алып жатқанын көреміз. Қазақ елінің көңілі де дәл сондай, кең, дархан.Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге этнос өкілдері «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» дегенді ұранға айналдырған. Достық отанына айналған Қазақстан гүлдене берсін!

 

Жамбыл аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Сабри Асанов

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2023 жылғы 31 шілде – 4 тамыз аралығында еліміздің барлық өңірлерінде Медиация күнін мерекелеу шеңберінде (5 тамыз) Медиация апталығын және «Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің Ашық есік күні» республикалық акциясын өткізу көзделген.  Іс-шараның мақсаты – ҚХА-ның қоғамдық құрылымдарын және қызметi Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келiсiм мен ұлттық бiрлiктi қамтамасыз етуге байланысты мүдделi уәкiлеттi тұлғаларды жанжалдардың деңгейiн төмендету және халық арасында толеранттылық пен этносаралық келiсiм мәдениетiн тәрбиелеу мәселелерiнде шоғырландыру.

Іс-шараға: өңірлердегі ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері, кәсіподақтардың, сот және құқық қорғау органдарының, әділет органдарының, түрлі деңгейдегі депутаттардың, адвокатура мен нотариаттың өкілдері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері: Аналар, Ақсақалдар кеңесі, ҚХА кафедрасының мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ, ҚХА медиаторлары мен еріктілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге мүдделі азаматтық қоғам өкілдері қатысады.

Медиация апталығы барысында халық арасында сауалнама жүргізіледі, ҚХА алаңдарында медиативтік кездесулер, әлеуметтік желілерде «Бірлік пен келісім – қоғамның әл-ауқатының кепілі» челленджі, «Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің Ашық есік күні» республикалық акциясы өтеді.

Барлық өткізілген іс-шаралар БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және т.б. кеңінен жарияланатын болады.

 

 

*** *** ***

 

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

Байланыс телефоны: 7(7262) 54-10-37,

8 707 450 12 43, 8 771 420 08 56

Поштасы:kogamdyq_kelisim_press_slujba@mail.ru

БАЛАЛАРДЫ ТОЛЫҚ ОТБАСЫНДА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Отбасы институтын нығайту және гендерлік мәдениетті қалыптастыру» дәрісі аясында «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында кездесу жиыны өтті. Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдер арасында түрлі құқық бұзушылық фактілері орын алуда. Бала да, шаға да зорлық-зомбылық құрбанына айналып жатыр. Мұның бәрі сайып келгенде отбасындағы тәрбиеге келіп тіреледі.

Жиынға модератор болған «Анаға тағзым» орталығының директоры, ҚХА Жамбыл облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Мырза-Ғали: «Баланың бас ұстазы—ата-анасы» екеніне тоқталып, отбасының адам өміріндегі мәні, ата-ана тәрбиесінің рөлі туралы айтты. Қазіргі уақытта балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстардың белең алғаны жөнінде айта келіп, оған қоғам болып қарсы жұмылу керек—деді.

Ал, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Берікбол Байқожаев баяндамасында әйелдер мен балаларға жасалған зорлық-зомбылықтың азаймай отырғанын тілге тиек етті. Мұндай қылмысқа қатысты жазаның да күшейтіліп жатқанын атап көрсетті.

Бірақ, бұл — аталған мәселеге тоқтам бола ала ма? Сайып келгенде, отбасындағы келіспеушіліктер мен түсінбестіктер осындай келеңсіздіктердің тууына сеп болуда. Сондықтан, бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті тек әйел-аналарға ғана артып қоймай, ер-азаматтарды да қоғамдық кездесулерге тарту қажеттілігі туындап отыр. Бұл тұрғысынан келгенде көпшіліктің ойы бір жерден шықты.

Жамбыл облысы бойынша «Аналар кеңесі» төрайымының орынбасары Аракси Плетнева, Тараз өңірлік университеті жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Ардақ Жантаева, психолог, тәжірибелі медиатор Ирина Федорова және басқа да қонақтар тақырып аясында өз ойларын ортаға тастап, пікірлерін білдірді. Балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдары неден туындайтыны, ерлі-зайыптылардың ажырасуы, отбасылық қолайсыздықтардың алдын алу және толық отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы да әңгіме арқауына айналды.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

2023 жылдың 28 шілдесінде ҚР Президентінің ҚХА-ның ХХХІІ сессиясында берген тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары А.Ғ. Балаеваның төрағалығымен өткен отырыс хаттамасының 10.5-тармағын орындау мақсатында Министрліктің Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының ұйымдастыруымен онлайн форматта этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-профилактикалық жұмыс бойынша әдістемелік семинар өтті.

Семинар бағдарламасы бойынша бірқатар тақырыптарда баяндамалар оқылды.

Атап айтқанда, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Ксенофобия мәселелерін зерттеу орталығының директоры Д.Ғали «Көпэтносты қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс потенциалын анықтау әдістемесі» тақырыбындағы баяндамасында өңірлерде орын алатын әлеуметтік шиеленіс потенциалын анықтау бойынша кеңестер беріп, этностар көп шоғырланатын аймақтарда кездесетін мәселелерге төтеп бере алу қабілеттілікті арттыру негізінде көптеген мысалдар келтірді. Әлеуметтік шиеленісті шешу барысында оның туу себептерін анықтап алу керектігін алға тартты.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты Әдістемелік және білім беру бағдарламалары орталығының менеджері Ә.Әміров «Ақпараттық кеңістіктегі этносаралық қатынастарды реттеудің негіздері» тақырыбында баяндама оқып, тақырыпты жан-жақты ашып, қатысушыларға кеңінен түсініктеме берді. Қазіргі таңда ақпараттың басты көзі болып табылатын ғаламтор арқылы этносаралық қатынасты реттеу бойынша бірнеше бағыттармен таныстырды. Ақпараттық себептерке анықтама беріп, оның түрлерін жіктеп айтып берді. Этносаралық қатынасты реттеуде оң және теріс ақпараттық қоғамға ықпалы жайлы да айтып өтті.

Келесі кезекте «Қоғамдық келісім» РММ Республикалық Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Г.Біләлова «Аудандық және ауылдық әкімдіктермен Қазақстан халқы Ассамблеясының кешенді жұмысы» тақырыбында атқарылып жатқан және атқарылатын жұмыстар мен жобалар туралы сөз қозғады. Бүгінгі күні ҚХА аясында түрлі бағытта жүзеге асырылып келе жатқан мемлекеттік тілді дәріптеу мақсатында «Үйде сөйле», «Ұлы даланың ұлтаралық тілі», «Мың бала» сынды жобалардың, әлеуметтік маңызы бар «Ел мұрасы», «Таза орта», «Қасиетті парыз», «Jastar media», «Social Assembly», «Бірлік тілі» жобаларының жұмысы жайлы да айтып өтті.

Сөз соңында ҚХА-ның жұмысының жандануына бірге үлес қосу керектігін айтты.

Сонымен бірге, «Қоғамдық келісім» РММ Ақпараттық жұмыс және жұртшылықпен байланыс басқармасының жетекші сарапшысы Н.Досмағанбетова «Қоғамдық келісімді нығайту саласын ақпараттық қамту ерекшеліктері» тақырыбында сөз қозғап, кеңінен ақпарат берді. Өз сөзінде қоғамдық келісімді нығайту бағытында ғаламтор ресурстары, ақпарат көздері, әлеуметтік желілер маңызды рөл атқаратындығын айта кетті.

Сондай-ақ өңірлердегі ҚХА төрағаларының әлеуметтік желілердегі парақшаларына мониторинг жасап, мысалдар көрсетті. Ақпарат көздері арқылы қоғамға әсер ету жолдарын да атап өтті.

Аталған тақырыптар аясында көптеген мәселелер қаралып, қатысушыларға әдістемелік құралдар ұсынылды.

 

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

2023 жылдың 27 шілдесінде өңірлік ҚХА-ның атынан 5-9 сынып

2023 жылдың 27 шілдесінде өңірлік ҚХА-ның атынан 5-9 сынып аралығында білім алатын әртүрлі этнос өкілдерінің балалары Ақмола облысы, Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласына жол тартты.

Олар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының бекітілген жоспарына сәйкес 27 шілде-10 тамыз аралығында «Біз біргеміз- Қазақстан!»  атты ҚХА балаларының кездесуіне қатысатын болады.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

МЕМЛЕКЕТ ПЕН АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ АРАСЫНДА СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ

Қоғамда билік пен халық арасында ашық диалог орнауы қажет. Бұл ел дамуының өзегі болмақ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауының түйіні осы: «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығымен өркендеуінің негізі» деп аталған құжатта Президент заман талабына сай мемлекет құру үшін алдымен азаматтардың барлық өтініш-тілегін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру қажеттігін алға тартты.

Бұл — «Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» құрудың алғышарты. Саяси жүйенің бұл формуласын Қ.Тоқаев қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет құрудың және оның тұрақтылығының негізі деп атады. Ал заман талабына сай тиімді мемлекет құру үшін қоғамға бірнеше талап қойылды. Оның біріншісі — партия құрылысы үдерісін жалғастыру болса, екіншісі — халықпен тиімді кері байланыс орнату.

Ал қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару, ең алдымен, мемлекеттік органдардың міндеті екендігі айқын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік органдар алдына маңызды міндеттер қойды. Соның бірі — тұрғындардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару, тұрғындармен кері байланыс орнату. Яғни, халықтың қажеттілігіне уақытында шұғыл көңіл бөлу, ашықтық, диалогқа дайын болу мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдығы болуы керектігін баса айтты. Бүгінде Президент Әкімшілігінде азаматтардың өтініштерін қарау сапасын қадағалайтын арнайы бөлім ашылды, бөлім арқылы кері байланыстың өңірлерде қалай жүріп жатқаны, қай бағытта жұмысты күшейту керектігі жөнінде үнемі ұсыныс беріліп отырылады.

Бұл –еліміз үшін өте үлкен бастама. Кеңестің мемлекет дамуына өзіндік үлес қосары сөзсіз. Диалог алаңы қазіргі қоғамға қажет. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру – үлкен шаруа. Бұл мемлекетке емес, халыққа қажет деп есептеймін. Кеңес арқылы билік пен халық арасында байланыс орнайды. Кеңес мүшелері өздеріне жүктелген жауапкершілікті түсінеді деп сенемін.

Ең бастысы, кеңесті Президент өзі басқарады, демек атқарылатын шаруалар 100 пайыз нәтижелі болмақ.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ,

облыстық «Ақжол» газетінің тілшісі,

ҚХА Журналистер клубының мүшесі,

ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының өкілі