«МЫҢ БАЛАНЫҢ» ЖАМБЫЛДЫҚ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы қорытындыланып, жеңімпаздары анықталды.

«Мың бала» жобасы өскелен ұрпақты, оның ішінде этнос өкілдерінің жас жеткіншектері арасында қазақстандық бірегейлікті мемлекеттік тілді меңгеруге ынталандыру арқылы дамытуға бағытталған.

Салтанатты іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ.Ысқақов, ҚР Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері мен жобаның өңірлік кезеңінен өткен балалар қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ «Мың бала» жобасы аясында жыл бойы түрлі бағыттар бойынша қазақ тілін меңгеруге арналған іс-шара мен байқаулар өткізді. Аймақтан сүрінбей, республикалық кезеңде өнер көрсеткен Меркі ауданы №44 орта мектептің 9 сынып оқушысы Айденов Саид Рустамұлы  «Жарқыра, жас дарын!», Тараз қаласы №7 орта мектептің  10 сынып оқушысы  Гирина Наталья Денисқызы «Өнерлі өрге жүзер»  номинациялары бойынша жеңімпаз атанды.  Жүлдегерлер Марат Алмазұлының марапаты мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

«Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімі

«Үкілі» қыздар клубының тұсауы кесілді

Бүгін  М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде республикалық «Мәдениетті ана- мәдениетті ұлт» жобасы аясында «Әулиеата» қазақ мәдени орталығы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен  «Үкілі» қыздар клубының тұсау кесер рәсімі өтті.

Клубтың мақсаты қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар, өмірінде отбасылық міндеттерді білімімен ұштастыра білетін ұлтжанды, парасатты, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін қыздарды қалыптастыру. Университет қабырғасында жүріп  сырласып, ой бөлісетін, қажетті кеңестер ала алатын текті қыздардың ортасын құру.

Тұсау кесерге «Жер ана» Корпоративті ауыл фермерлерінің қорының төрайымы, ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Роза Мұсабаева, университет аналар кеңесінің төрайымы Ардақ Жантаева т.б  қатысты.

Клубтың тұсауын кафедра меңгерушісі Айгүл Қабиқызы Қабиева және  Роза Мұсабаева кесіп, қыздарға бата беріп, барлық қыздаға үкілі моншақ үлестірді. Ал, көрермен тұсау кесер шашуынан дәм татты. Кеш барысында  қыздар клубының  алғашқы жобасы «Кітап оқуға шақырамыз» атты челленджі көрсетілді.

«Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімі

ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА ЖАС СУРЕТШІЛЕРМЕН “БІРЛІК – ӘРАЛУАНДЫЛЫҚТА” АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 16 қарашасында Жуалы ауданында «Достық керуені» жобасы аясында жас суретшілер мен қолөнершілер арасында «Бірлік – әралуандылықта» атты байқау өтті.

Байқау ұйымдастырушысы – Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ.

Шараға жауапты – аталған мекеменің, яғни, Тараз қалалық Достық үйі Көрме залының жетекшісі – Вера Майкович.

Шараның мақсаты – білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру, Қазақстандағы этностарға қатысты суреттерді салғызу арқылы достықтың, татулық, бірліктің қадірін білуге баулу.

Байқау Балалар және жасөспірімдер орталығында өтті.

Шараға байқау ережесі бойынша мектеп жасындағы – 10-12 жас аралығындағы 15 бала қатысты.

Бейнелеу өнерін көрсету барысында балаларға жұмыстарын кез-келген техникада: кескіндеме, акварель, гуашь, аралас техникада жасауға ерік берілді. Олардың әрқайсысы өздерінің көңілдері мен шығармашылық интеллектілері қалаған Қазақстан аясындағы бейбітшілік, татулық сияқты тақырыптарда суреттерін салды.

Сайыс соңында жас суретшілерді байқауда өнерлерін ортаға салып, белсенді атсалысқаны үшін Достық үйі Көрме залының жетекшісі Вера Андреевна Майкович «Қоғамдық келісім» мекемесі басшылығы атынан алдағы күндеріне сәттілік, амандық тілеп, жас жеткіншек суретшілерге сыйлықтар табыстады.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс»  бөлімі

ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА “ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ” ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Жуалы ауданында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Достық керуені» жобасы аясында ауқымды іс-шара өтті.

Шараға Жамбыл облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Жуалы аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен белсенді мүшелері, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы мен мүшелері, Жуалы аудандық Аналар кеңесінің төрайымы мен белсенді мүшелері, ішкі саясат бөлімі қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі, аудан және ауыл этнос жастары, мектеп оқушылары, студенттер, ауыл тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.

Шараның мақсаты — ҚХА этномәдени бірлестік мүшелерінің халықпен кездесулерін өткізу мен коммуникациялар қалыптастыру, этносаралық саладағы тәуекелдердің алдын алу үшін жастар, мәдени және басқа да құрылымдар нысанындағы диалог алаңдарының жұмысына қатысу.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім”КММ «Ғылыми-сараптамалық қолдау» бөлімінің сарапшылары Жуалы ауданының Б.Момышұлы, Көлбастау ауылдарының тұрғындарына әлеуметтік-зерттеулер мен этносаралық бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

 

ЖУАЛЫ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Достық керуені» жобасы аясында өңірлік «Ассамблея жастары» Жуалы жастарымен кездесу өткізді.

«Достық керуені» жобасын ілгерілетудегі мақсат — өңірлік ҚХА этномәдени бірлестік мүшелерінің халықпен кездесулер өткізуі, коммуникациялар қалыптастыру, этносаралық келеңсіздіктердің алдын алу үшін жастарды мәдени және басқа да құрылымдар нысанындағы диалог алаңдарының жұмысына қатыстыру.

Қатысқандар: «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі аудан және ауыл этнос жастары, колледж білімгерлері.

Кездесу Жуалы ауданының Ақбастау колледжінде өтті.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ӨҢІРЛІК «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» ҚБ «ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫМЕН ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Достық керуені» жобасы аясында өңірлік «Ассамблея жастары» Жуалы ауданы жастарымен кездесу өткізді.

«Достық керуені» жобасын ілгерілетудегі мақсат — өңірлік ҚХА этномәдени бірлестік мүшелерінің халықпен кездесулер өткізуі, коммуникациялар қалыптастыру, этносаралық саладағы тәуекелдердің алдын алу үшін жастар, мәдени және басқа да құрылымдар нысанындағы диалог алаңдарының жұмысына қатысу.

Осы орайда, облыстық Ассамблея жастары Жуалы ауданының «Шерхан Мұртаза» мектебінде оқушыларға арналған «Менің елім, Менің Қазақстаным» атты тимбилдинг жұмыстарын жүргізді.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Бүгін полиэтносты Қазақстанның ХАЛЫҚ САНЫ 20 МЛН-ҒА ЖЕТТІ!

Халық саны соңғы санақтың қорытындылары негізінде есептеліп бүгінде 20 миллионға жетті.

Сарапшылардың пайымдауынша Қазақстанның демографиялық жағдайына қатысты өзекті мәселелер мен оң үрдістер, елдің демографиялық дамуының міндеттері, өңірлердің отбасылық-демографиялық дамуын болжау мен ерекшеліктері талқылану барысында осы мерзімді уақыт — 2023 жылдың соңында 20 миллионға жету керек деп көзделген санақ осы атаулы санды бүгін иеленіп отыр.

Мәдениет және ақпарат Министрлігінің биылғы жылдың 20 қазанда өткен «Отбасы — Қазақстанның демографиялық тұрақты дамуының негізі» атты халықаралық конференциясында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева:— «2021 жылы біз соңғы 34 жылдың ішіндегі ең жоғары туу көрсеткішіне жеттік. Жалпы туу коэффициенті 3,3-і құрайды, бұл қарапайым халықтың көбею деңгейінен асып түседі.

Соңғы 10 жылда халық саны шамамен 3 миллион адамға өсті. 2023 жылдың соңына қарай Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетеді деп күтілуде.

Осыған байланысты, Мемлекет басшысы біздің алдымызға: қазіргі демографиялық үрдістерді – бәсекелестік артықшылықтарға айналдыру міндетін қойып отыр.

Соңғы жылдары біз бақылап отырған жоғары туу коэффициенті – адами капиталдың сапасына әсер етпеуі керек. Отбасы институтының қолайлы дамуы үшін жағдай жасау, лайықты өмір мен жұмысқа орналасуды қамтамасыз ету – біздің күш-жігер жұмсайтын негізгі аспектілеріміз»,- деп атап өткен болатын.

Айта кетейік, Қазақстанда халықтың өмір сүру жасының ұзақтығы артып келеді. 2022 жылғы көрсеткіш бойынша бұл – 74,4 жасты құрады. Бұл ретте халық құрылымында жастар үлесінің өсуі байқалады. Ел азаматтарының орташа жасы – 32. Жастардың үлесі шамамен 30% құрайды. Бұл үрдіс одан әрі арта түспек.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

 

МЕДИАЦИЯ БОЙЫНША ҮШ КҮНДІК СЕМИНАР – ТРЕНИНГ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Тараз қалалық Достық үйіндегі Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» мекемесі республикалық жоба аясында ұйымдастырған «Этносаралық қақтығыстарды реттеу кезіндегі медиативті тәсілдерді оқыту» атты облыстық семинар-тренинг сәтті аяқталды.

Іс-шараның спикерлері ретінде «Парасат» медиация және құқық орталығы ЖМ кәсіби медиаторы, тренер-сарапшысы Адаев Мұхтар Мұханұлы және осы орталықтың тренер-сарапшысы, кәсіби медиатор, конфликтолог Бахыт Амангелдіұлы Жамбыл облысына қарасты аудандарынан және Тараз қаласынан келген тыңдаушыларға медиация бойынша дәрістерді түрлі әдістемелік тәсілдермен жеткізді.

Үш күндік іс-шара барысында дәріс алушы қатысушылар алған білімдерін практика жүзінде де дұрыс қолдануды үйреніп, медиация саласының медиативті тәсілдері туралы білімдерін тереңдете түсті.

Бұған қоса, аталған кәсіби медиаторлардың дайындаған медиациялық кейс-дәрістері оларға ұмытылмас тамаша әсер қалдырды.

Семинардың дәрістер жөнінде мәселен, ІІ-топ қатысушыларына сауалнамалар толтыртқызылып, спикерлер берілген толық дәрісті қорытындыласа, І-топ дәріскерлері үш күндік семинардан алған әсерлерімен бөлісті.

Тыңдаушылар семинарда үйренгеніміз мол, әр түрлі тақырыпты қамтыған дәрістер білімімізді жетілдіре түсті деп ұйымдастырушылар мен дәріскерлерге ризашылықтарын білдірді.

Іс – шара қорытындысы бойынша тыңдаушылар сертификаттар алды.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

 

Этносаралық қақтығыстарды  реттеу кезіндегі медиативті тәсілдер оқыту семинар-тренингі өтті

Бүгін  Жамбыл облысы әкімідігі ІСБ «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Достық үйінде этносаралық қақтығыстарды реттеу кезіндегі медиативті тәсілдерді оқыту семинар-тренингі басталды.

Семинар-тренингті «Парасат» медиация және құқық орталығы» ЖМ кәсіби медиаторы, тренер-сарапшы Мұхтар Адаев  және осы орталықтың тренер-сарапшысы, кәсіби медиатор, конфликтолог Бахыт Амангельды облысымыздың қала мен аудандарынан келген тыңдаушыларға аталған тақырып аясында толыққанды ақпаратты әртүрлі тәсілдермен жеткізді.

Семинардың алғашқы күні этносаралық қақтығыстардың дамуының негізгі кезеңдері, әлеуметтік-тұрмыстық жанжалдардың этносаралық  қақтығыстардан айырмашылығы, ұрыстың шиеленісуіне ықпал ететін факторларды сондай-ақ,  оны реттеу кезінде жергілікті билік органдарының, этнос өкілдерінің рөлі сынды т.б  дәрістер оқылды.  Қатысушылар көтерілген мәселелер мен ұсыныстары, ой пікірлері жан-жақты талдап, сараптап өзара пікір алмасты.

Дәстүрлі  семинар-тренинг үш күнге жоспарланған.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ҚОЛӨНЕР — СЫРЛЫ ӨНЕР

2023 жылдың 9 қараша күні Меркі ауданы Жаңатоған ауылында аналар кеңесі Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ұмыт қалған қолөнер» тақырыбында іс-шара өткізді.

Іс-шараның алғашқы алғы сөзін аудан аналар кеңесінің төрайымы Қайнаркүл анамыз ашып, сол округ аналар кеңесінің төрайымы Базарбаева Жаңыл өз мүшелерімен, ауылдың қолөнер сүйер аналарымен ши тоқуды, сырмақ тігуді, киіз басуды, кілем тоқуды көрсетті.

Жиынға әр округтің аналар кеңесінің төрайымдары қатысты. Аудан аналар кеңесінің төрайымының орынбасары Роза Байбосынова іс-шараның өту барысына тоқталып, ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ардагерлер мен ауыл округі әкімінің алғыс хаттары мен сыйлықтарын тапсырды.

Сонымен қатар ұлттар арасындағы ынтымақтастықты сақтау мақсатында сол ауылда тұратын әзірбайжан халқының «Қыз ұзату» дәстүрі өткізілді. Өз қолөнер бұйымдарын, тағамдарын тарту етті. Ұлттық биін, әнін, ойынын көрсетті. Қызды айттыру, оның қолына қына жағу, жеңгелерінің сыйлық тартулары, алтын тағулары, құрбандыққа малды шалуы, шамды айналып жүруі, қызды шығарып салуы,құрбыларының билері қоштасуы, қызыл белбеумен қыздың белін байлауы сияқты дәстүрлерін көрсетті. Мектеп оқушыларының ата-аналары қатысты. Ауыл әкімі ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп,орамал жауып, рахметін жеткізді.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі