16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.

Бұл күн – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 32 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп – көркеюі жолында аянбай етіп жүрген қазақстандықтарды Ұлттық мерекемізбен құттықтағым келеді.

Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз болашаққа нық сеніммен қадам басуда. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын!

 

Турдыева Мухабат Абрахмановна, «Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

«VOLONTER_ GROUP_ 08» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫ ЕКІ ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ

«GAUHARTAS» мейрамханасында (ресторатор М. Лештаева) Тараз қаласындағы Өзбекстан орталығы төрағасының орынбасары, осы еріктілер тобының төрағасы Р.Ташметов бастаған «Volonter_ group_ 08» қоғамдық ұйымының волонтерлері 2 жылдық мерейтойын атап өтті.

Мәртебелі меймандар қатарында кәсіпкерлер, мейрамханашылар, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы, қала мен ауданның қоғам белсенділері бар. Құттықтауды Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов жеткізді.

Келесі кезекте мерекелік іс-шараға қатысушыларға демалыс агенттігінің аниматорларының қатысуымен тамаша шоу-бағдарлама, шынайы қуыршақтар, шығармашылық қойылымдар, сиқыршылардың, «Балауса» циркінің әртістерінің, танымал музыканттардың және т.б.

Сондай-ақ «Enigma models» модельдік агенттігінің қатысуымен сән көрсетілімі өтті.

Іс-шараға серіктестер қатарында – «Desert», «Somin» кондитерлік өнімдері, сондай-ақ «Olympus pizza doner», «Tatami sushi taraz» тікелей өз қолдауын білдірді.

Шара барысында бірқатар еріктілерге сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Мереке қатысушыларға көптеген жағымды эмоциялар сыйлады.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ АЯҚТАЛДЫ

Облыстық «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Тараз қаласында қоғамдық қабылдау да өз жұмысын жалғастырған еді.

Өзге этнос өкілдерінің бірлік пен тұрақтылыққа негізделген екі күндік кездесуде этнос өкілдері көп шоғырланған елді-мекендердің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.

Қабылдау іс-шаралары бүгін де «Қоғамдық келісім КММ — Достық үйі ғимаратында № 5 және №37 мектеп гимназияларының қатысуымен өтті.

Аталған мекеме басшысы Мүбарак Қасымқызының жетекшілігімен облыстық этномәдени бірлестіктер мен ҚХА құрылымдарының өкілдері – Тараз қалалық Өзбектер мәдени орталығының төрағасы Абдрахман Зайнутдинов, «Ахыска» Түріктер этномәдени орталығының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ибрагим Зуфаровтар қоғамдық қабылдаулар жұмысына белсене қатысты.

Шара барысында келушілер түрлі салаға қатысты көкейтесті мәселелер мен талайдан толғандырған сұрақтарына көңілдеріне қонымды жауаптар алды.

Айта кетейік, аталмыш жоба аясында жүзеге асырылған бұл іс-қимылдардың этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жолындағы маңызы өте зор саналады.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

 

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ” ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ өңірдің өзгеде басқармаларымен біріге отырып «Бейбітшілік пен келісім» жобасын іске асыру бойынша өз жұмысын бастады.

Жоба аясында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту үшін өзге этнос өкілдері көп шоғырланған елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Бүгін тұрғындарды тыңдау үшін жиылған топ қаладағы №6 және Шөлдала шағын ауданындағы №19,59 жалпы білім беретін орта мектептерде болды.

Өзге этнос өкілдерінің сұрағына жауап беріп, бірлік пен тұрақтылыққа негізделген кездесу жұмысы екі күнге созылатын болады.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ЗАҢҒАР ЖАЗУШЫ ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВҚА 95 ЖЫЛ

Астанадағы республикалық ҚХА-ның Достық үйінде Ш.Айтматовтың 95 жылдығына орай «Шыңғыс Айтматов. Дәуір. Тұлға. Гуманизм» атты Халықаралық конференциясы өтті. Конференцияны Қазақстан халқы Ассамблеясы Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Келелі жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының басшылары мен мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Астанада аккредиттелген елдердің Төтенше және Өкілетті Елшілері, Қазақстанның, Қырғызстанның, Германияның, Ұлыбританияның, Вьетнамның қоғамдық және саяси қайраткерлері, ТҮРКСОЙ халықаралық түркі мәдениеті ұйымының өкілдері қатысты.

Атап өтейік, алқалы жиынға Жамбыл облысынан «Манас ата» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Абзалбек Меңдібаев барды.

Жиында заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы мен өнегеге толы өмірі бастан-аяқ қазақ халқымен тығыз байланысты болғандығы және мерейлі датаға орай өткізілетін жиындар жоспары туралы ұсыныстар талқыланды.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ИГІ ІСТЕРДІҢ НҰРЛЫСЫ

Қайырымдылық – адамның рухани қазынасы. Мұндай қасиет адам бойынан ерекше мейірімділік және таза ниетімен ерекшеленіп тұрады. Мұқтаж адамдардың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарамай, оларға барынша көмек көрсетуге тырысады. Жамбыл жері қайырымдылықты қайырлы іс деп қарайтын жаны жомарт жандардың тұрағы. Сөзімізге дәйек болсын ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында «Ақпараттандыру, байланыс және технологиялар» колледжінің студенттері мен «Қамқор» қайырымдылық  іс-шарасын жасады. Еріктілер күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған аталмыш шараның   демеушісі колледж директоры  Қаражігітова Саният Есенқызы.

Атап айтқанда , аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қой сойып, 7 бөлік етіп, таратты.

Айта кетейік, аталмыш колледж білімгерлері «Ассамблея жастары»  РҚБ ІСБ белсенді жастарының мүшесі.

Бұл Жамбыл облысы ассамблеясының жасап жатқан игі істерінің соңы емес, қайырымдылық акциясы әлі де өз жалғасын табады.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен» байланыс бөлімі

Қоғамдық келісім

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының « Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Қасымқызы Жинақбаева марапатталды.

Облыстық «Тілдерді дамыту» басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова Мемлекеттік тілді дамыту қолданысы аясын кеңейтуге қосқан үлесі мен тіл саясаты саласындағы атқарған еңбегі үшін Мүбарак Жинақбаеваға алғыс хат пен бағалы сыйлық тарту етті.

Осы орайда ұжым атынан басшымыз М. Қасымқызын марапатымен шын жүректен құттықтай отыра, алға қойған жоспарларына сәттілік серік болсын деп тілек білдіреміз!

«Қоғамдық келісім» КММ ұжымы

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Бейнелеу өнерінің дарынды шебері, біздің жерлесіміз Мұхамет-Омар Паншаевтың жарқын шығармашылығы тағы да лайықты құрметке ие болды!

Биыл Қазақстан Суретшілер одағының құрылғанына 90 жыл толады. Осы атаулы датаның құрметіне еліміздің бейнелеу өнері корифейлері естелік наградалармен марапатталды.

«Қазақстан Республикасының Суретшілер одағына 90 жыл»  мерейтойлық медалімен марапатталғандардың қатарында дүнген этносының танымал өкілі, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Мұхамет-Омар Паншаев та марапатталды.

Құрметті Мұхамет-Омар Сализұлы!

ҚХА мүшелерінің, өңірлік этномәдени бірлестіктердің, Жамбыл облысы ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің, «Қоғамдық келісім» КММ өкілдерінің атынан Сізді лайықты марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізге зор денсаулық, сарқылмас шабыт, табысты шығармашылық ізденіс тілейміз! Әрқашан сіздің картиналарыңыз көрермендер мен сыншылардың жүрегінен орын таба біліп, лайықты мақтауларға ие болсын!

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

Игі ана – ізгі қоғам

Бүгін тарихы тереңде жатқан Тараз шаһарының төрінде, «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Республикалық «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында «Игі ана – ізгі қоғам» атты ҚХА Аналар кеңесінің слёті өтті.

Ақ жаулықты Аналардың жиынына арнайы ҚХА Республикалық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ахатай мен осы кеңестің өкілі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ф.ғ.к. Камал Әлпейісова келді.

Жамбыл облысы бойынша ҚХА Аналар кеңесінің жиынына қатысушыларға тақырыптық алаңдардың жұмыстары ұсынылды. Этникалық топтардың салт-дәстүрлері көрсетілді. Қатысушылар кәріс ұлтының ата-анасына тағзым ету, түрік этносының қалыңдық дайындау және дүнген этносының үйлену тойын тамашалады. Қазақ, орыс, өзбек, тәжік этностары аналарының әуелете бесік жырын айтқанын естідік.

Аналар кеңесінің слёті барысында облыстық Ғылыми сараптамалық топтың мүшесі Рысты Қалдыханқызы «Ғажайып киіз үй» интерактивті жобасы таныстырылды. Бүлдіршіндерге қазақи қалыпты, ұлттық дүниетанымды жеткізу жолында жасалған киіз үйдің жобасы қонақтар үшін тың дүние болды.

Кеңестің өкілдері мен қонақтарына облыстық ҚХА жанынан құрылған этнос жастарының «Достық» театры Ш.Мұртазаның «Интернат наны» шығармасы желісімен спектакль ұсынды. Қойылымның қоюшы-режиссері – ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Әулие ата» қазақ мәдени орталығының өкілі Асқарбек Сейілханов. Айта кету керек, аталған көрініске жастардың көп еңбек сіңіргені көрініп ақ тұр. Оған қойылымның жоғарғы деңгейде орындалғаны дәлел.

Жоғарыда аталған іс-шаралардан кейін Аналар кеңесі слеті Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, облыстық А.Тоқпанов драма театрының актрисасы Нұрсипат Салықованың сахналық қойылым түрінде ұсынылған аналық ақ батасымен басталды.

Аналар кеңесінің слетінде Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысы Ұлана Сламбекова модераторлық етті. Онда облыстық Аналар кеңесінің жетекшісі Эльмира Мырза-Ғали келелі кеңестің атқарған жұмысы, арқалаған жүгінің әрбіріне ерекше тоқталды. Белсенді мүшелері мен серіктестік қолдау білдіргендерге арнайы алғысын білдірді. Сондай-ақ, Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің 10 жылдық жұмысының қорытындысы шығарылып, келешегі туралы жоспарлар талқыланды. Бұдан өзге Жамбыл облысы әкімдігі білім беру басқармасы жанындағы Облыстық ата-аналар қауымдастығының төрағасы Ринат Нұрақбаев, Жамбыл облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Әмина Қайназарова, Меркі аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Қайнаркүл Татықұлова, Байзақ аудандық аналар кеңесінің төрайымы Шырын Қапарова және т.б сөз сөйледі.

Меркен аудандық аналар кеңесінің атқарған жұмыстары, Байзақ ауданындағы «Әжемнің ертегі» ҚХА Аналар кеңесінің жобасын жүзеге асыру туралы мәселелер қозғалды.

«Отбасы татулығы – әлеуметтік тұрақтылық», нашақорлықпен күресу, әке тәрбиесі, жаһандану кезеңінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу, жақсы әдеттерді қалыптастыруда мектеп рөлі, ата-аналар кеңесі және Аналар кеңесінің бірлескен жұмыстары талқыланды. Слет барысында «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ психологы Ришат Райф «Ұрпақтар сабақтастығы – дәстір жалғастығы» атты психологиялық тренинг өткізді.

Слеттің қортынды сөзі ҚХА Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Баян Ахатай сөйледі. Орынбасар қоғамда бала тәрбиесінде, ананың алар орнының ерекше екенін айта келе, облыстағы Аналар кеңесі ауқымды жұмыстар атқарып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ бірқатар олқылықтардыңда орнын толтыру қажеттігі де айтылды.

Слет соң концерттік бағдарламаға ұласты.

«Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімі

«ҮЗДІК МЕДИАТОР-2023» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Биылғы жылдың 30 қарашасында Достық үйінде «Үздік медиатор-2023» облыстық байқауы өтті.

Байқау қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы дау-жанжалдарды шешу бойынша қызмет көрсететін ҚХА қоғамдық медиаторларын анықтау және ынталандыру, Ассамблея медиаторларының пулын қалыптастыру мақсатында жасалды.

Салтанатты бөлімде медиация кабинетінің басшысы В.Досыбива сөз сөйледі.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі