ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жамбыл облысы «Әулие ата» қазақ мәдени орталығы жанынан құрылған Қазақстан халқы ассамблеясы жастарының ғылыми-шығармашылық орталығының ашылу салтанаты

ҚР  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  Жамбыл облысы «Әулие ата» қазақ мәдени орталығы жанынан құрылған  Қазақстан  халқы ассамблеясы жастарының ғылыми-шығармашылық орталығының ашылу салтанаты  туралы АҚПАРАТ

2016-жылдың 27-қаңтарында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің  бас ғимаратында «Әулие ата» қазақ мәдени орталығы жанынан Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жастарының ғылыми-шығармашылық орталығының салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты шараға Жамбыл облысы ҚХА бас маманы Ұ.Бабакулова,Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р.Убайдуллаева, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, М.Х.Дулати атныдағы ТарМу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Әулие ата» қазақ мәдени орталығының төрағасы М.Сарыбеков, «Әулие ата» қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары А.Кабиева, Жамбыл облысы этномәдени бірлестігінің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара қатысушыларына «Әулие ата» қазақ мәдени орталығының жастар қанаты ұлттық киімде салтанатты шеруі ұсынылды.Университет алаңында Жамбыл өңірін мекендеген ұлттардың қазіргі заман флэш-моб билері көрермендер назарына ұсынылды. Жамбыл облысы ҚХА жастарының ғылыми-шығармашылық орталығының ашылу рәсімі осы істің бастамашысы ТарМУ ректоры М.Сарыбековты қарсы алумен басталды және ол дәстүрлі түрде ашылу лентасын қиды.ТарМУ-дың бас ғимаратында орналасқан ұлттық нақышта безендірілген, үлкен дәрісхана түрлі іс-шаралар өткізуге арналған. Осы жерде Елбасы, ҚХА төрағасы  Н.Назарбаевтың шығармашылығының кітап көрмесі орналасқан.

«ҚР президентінің тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық жоғары оқу орындарындаҚХА кафедралары ашылады – осы жаңашылдықтың мақсаттары мен міндеттері жайлы, мәдениет және өнер кафедрасының меңгерушісі А.Кабиева хабарлама жасады,  «Әулие ата» қазақ ұлттық мәдени орталығы төрағасының орынбасары А.Кабиева өз сөзінде -бұл тамаша, дегенмен кафедраның қызметі шектеулі болғандықтан, университет ректоры М.Сарыбеков  Республикада алғашқы болып Жамбыл облысы ҚХА жастарының ғылыми-шығармашылық орталығын ашуды ұсынды.Ол Жамбыл облысындағы барлық этномәдени бірлестігі жастарының жастар арасында ұлттық мемлекеттік біртектілік негізінде,Ұлт болашағын қалыптастыруда  әр-түрлі этнос өкілдері жастарының бойында Қазақстандық патриотизмді, ұлттық рухани, мәдени сана сезімді қалыптастыруды үйлестіру. Осы мақсатта, орталықтың негізгі дәрісханасынан бөлек,  университеттің дәрісханалары мен зертханаларын, мәжіліс залы мен акт залын,  жоғары ғылыми профессорлық-оқытушылық құрамыұсынылады. Жастар өз қалауымен таңдауы бойынша, таңдап алған бағытта ғылымменде, саясатпен де, шығармашылықпен де айналыса алады, өнердің ұлттық-қолданбалы түрлері мен жанрларын қоса алғанда. Орталықтың негізгі мақсаты-басқа ұлт өкілдері жастарына ұлттық құндылықтарымызды, халқымыздың тілін, мәдениетімен салт-дәстүрін таныту және бойына сіңіруге, дамытуға септігін тигізу.Сондай-ақ біздің аймақта тұрып жатқан барлық ұлттардың тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлері бойынша дәрістер беріліп отырады.

Салтанатты шараға қатысушылардың барлығы орталықтың қызметіне табыс тіледі  және бірігіп белсенді жұмыс жасауға ниет білдірді.

«Үлкен Ел-Үлкен Отбасы»

Жамбыл облысы ҚХА жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасы және этномәдени бірлестік жастарының «Біз болшаққа біргеміз» тақырыбында өткен кеңейтілген отырысы туралы

АҚПАРАТ

Жамбыл облысы ҚХА жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасының мүшелері қоғамдық жұмыста ғана емес, өмірдеде өздерінің орындарын тапқан жандар.Олардың біразы бүгінде отбасын құрып, бала тәрбиесімен айналысуда,еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етуде.

Осы жылдың 22-қаңтарында «Ақ желкен» жастар лигасы және этномәдени бірлестік жанындағы жастары бірлесіп «Біз болшаққа біргеміз» тақырыбында кеңейтілген отырысын өткізді. «Қоғамдық келісім» КММ мәжіліс залында өткен кеңейтілген отырыста мекеме басшысы  Р.Убайдуллаева  сөз сөйлеп,  «Ақ желкен» жастар лигасының атына жылы лебізін білдірді.Ол өз сөзінде «Ақ желкен» жастар лигасының құрылғанына жылдан аса уақытта біршама  ауқымды жұмыстар атқарғанын, Қазақстан халқы ассамблеясы жылына,Ұлы отан соғысының 70-жылдығына арналған  және қайырымдылық шараларының 70-пайызына «Ақ желкен» жастар лигасының қатысқанын атап өтті.

2015-жылдың тамыз айында «Ақ желкен» жастар лигасы «Нұр отан» партиясы жастар қанатымен бірлесіп Республикалық «Асар» әлеуметтік бірлестік акциясының бастауын ұйымдастырды.Осы іс-шарада соғыс және еңбек ардагерлеріне қайырымдылық шаралары жасалынды, жастардың бастамасымен  облыстық қан орталығына 20-литр қан тапсырылды. «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми –сараптама бөлімінің жетекші сарапшысы П.Мамедова кеңейтілген отырыста «Қазақстанда мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру, ұлт қалыптасуының бір жақты келешегі тақырыбында сөз сөйледі.Облыс Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми -сараптамалық топ «Жастар зерттеу» қоғамдық бірлестігімен аты аталған тақырыпта әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізді. 2013-жылдың зерттеу қортындысы біздің облысымызда азаматтық принцип негізінде халықтардың сәйкестік деңгейінің басқа жылдармен салыстырғанда төмен деңгейде екенін көрсетті. Сонымен қатар П.Мамедова  Қазақстанда 130-дан аса этнос өкілдерінің тұратынын оның ішінде Жамбыл облысында 87-ұлттар мен ұлыстардың облысымызда ықшам орналасқанын айта келіп, өткен жылдың жүргізілген жұмыс қортындысы бойынша сұрақ салушылардың 88-пайызы «мен Қазақстандықпын» деп жауап бергенін атап өтті. П.Мамедова жастар лигасының мүшелеріне Елбасының өткен жылғы екі  жаңа бағдарламалық құжатқа қол қойғанын назарларына салды.Оның бірі «Қазақстандық сәйкестік пен бірлікті дамыту және нығайту» тұжырымдамасы, екіншісі «Қазақстан халқы ассамблеясының 2025-жылға дейінгі даму» тұжырымдамасы. Осы бағдарламаны жүзеге асыруға жастарды белсенді қатысуға шақырды. Кеңейтілген отырыста Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы М.Миражапова қазіргі жастарымыздың алдында үлкен міндеттер тұрғанын, мемлекеттік тілді білу, сапалы білім, кәсіби дайындық(оның ішінде техникалық, жұмысшы мамандықтарын игеруге) өз халқының және басқада халықтардың тарихын, мәдениетін білуге,жастардың денсаулығының мықты болуына, ішкі жан дүниесінің таза болуы жайлы айтты.

«Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы З.Махусеев тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған бірлескен жұмыс жоспарына тоқталды. «Ақ желкен» жастар лигасының бөлімшелері мектептерде, колледждерде құрылады және оған көбірек ауыл жастарының тартылатынын айтты.Аймақтық ассамблея жанындағы аналар кеңесі мен ғылыми-сараптама тобы негізгі әріптес ретінде жұмыс барысында қолдау көрсетеді.Жақын арада  барлық қатысушыларға «Көпшілік алдында сөйлеу шеберлігі» курстары ашылады, курс бітірушілерінен Жамбыл облысында тұратын халықтардың дәстүрін, мәдениетін, тарихын насихаттайтын жастар арасынан дәріскерлер тобы жасақталатынын кеңейтілген отырысқа қатысушылар назарына жеткізді.

Татар этнос күндері

Тараз қаласы қалалық мәдениет үйінде өткен татар этнос күндері жайлы

Ақпарат

17.01_1

2016- жылдың 17-қаңтарында сағат 15.00 де Тараз қаласы қалалық мәдениет үйінде (Рахимов көшесі  55) облыс этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Айнура» татар-башқұрт мәдени  орталығының 20-жылдығына арналған татар этносының мәдени күндері өтті.

Іс-шараға Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестік басшылары, татар диаспорасының өкілдері қатысты. Қонақтар қалалық мәдениет үйінің фойесінде татар-башқұрт ұлтының  ұлттық тағамдарымен және қол өнер бұйымдары қойылған көрмемен танысты.Мәдени шара татар-башқұрт мәдени орталығының кең көлемде әзірленген  концерттік бағдарламасымен басталды.Іс-шарада хореограф Ш.Уштаеваның әзірлеген қазақ,өзбек билері, хореограф М.Видзижевтың  «Парус» кавказ билері орындалды. Сонымен қатар В.Сарокиннің басшылығымен «Әулие ата» қазақ мәдени орталығының жанындағы «Асыл Ана» әжелер ансамблі әннен шашу шашты.

17.01_2

Мәдени іс-шарада «Айнура» татар-башқұрт мәдени орталығының төрағасы А.Халиков құттықтау сөз сөйлеп, мәдени орталықтың құрылғаннан бері  20 –жыл уақытында атқарылған жұмыстарына кеңінен тоқталды.

Облыстық этномәдени бірлестіктер атынан «Радонеж» орыс қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Чаутина сөз сөйледі.

17.01_3

Іс-шара барысында «Айнура» татар-башқұрт мәдени бірлестігінің төрағасы мәдени орталықтың құрылғанының 20-жылдығына орай бірлестік белсенділерін құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттады.

17.01_4

Бірлестік белсенділері Р.Ниязова облыс әкімінің құрмет грамотасымен, Т.Журамбаева облыс әкімінің алғыс хатымен, Н.Утепбергенова Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының алғыс хатымен марапатталса, бірлестіктің 16 –белсенді мүшесі татар-башқұрт мәдени орталығының құрмет грамотасымен марапатталды.

Мәдени іс-шара татар халқының «Бақытқа шатлыққа» әнін концерттік бағдарламаға қатысушылардың орындауымен аяқталды.

Іс-шараға барлығы- 200 аса адам қатысты.

17.01_5

«OPEN TV» Израиль телеканалы

Тараз қаласында «OPEN TV» Израиль телеканалының «Әлемдік өркениетке еврейлердің үлесі» тақырыбында өткен тұсаукесері туралы

АҚПАРАТ

2016-жылдың 17-қаңтарында  Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мәжіліс залында  облыс Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы  З.Сембина,  «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р.Убайдуллаева, «Шиват-Цион» еврей мәдени орталығы» этномәдени бірлестігінің төрайымы Л.Корнилина және осы этномәдени бірлестіктің 42 мүшесінің қатысуымен  «OPEN TV» Израиль телеканалының « Әлемдік өркениетке еврейлердін үлесі» тақырыбында тұсаукесері өтті.

Іс-шараға  «OPEN TV» Израиль телеканалының Қазақстандағы  өкілі Е.Алимкулов, Қазақстан  Республикасындағы Литва елшілігінің міндетін атқарушы А.Давалга, іс-шараны жүргізуші М.Мармуд,модераторлар; Е.Алимкулов,С.Арыстанов, Р.Мұртазин, Е.Рысқалиев, К.Кулагина қатысты.Қонақтарды «Қоғамдық келісім» КММ ғимараты алдында қазақтың ұлттық дәстүрде киінген қыздар би және ұлттық тағамдарымен қарсы алды.Сонымен қатар қонақтарға А.Тращенконың басшылығымен үштік вокалы «Мне мама тихо говорила» еврей әнін орындады. Жамбыл облысы ҚХА бас инспекторы З.Сембина қонақтарды «Қоғамдық келісім» мекемесіндегі  мұражай мен таныстырды.Кездесу «Қоғамдық келісім» КММ мәжіліс залында жалғасты. «Шиват –Цион» еврей мәдени орталығы этномәдени бірлестігінің төрайымы Л.Корнилина қатысушыларды Қазақстандағы «OPEN TV»телеканалының өкілдерімен таныстырды. Қазақстан Республикасындағы Литва елшісінің міндетін атқарушы А.Давалга делегацияны жылы қабылдап алғаны үшін ризашылығын білдірді.«OPEN TV»телеканалының өкілі Е.Алимкулов телеканал және қызметі жайлы қатысушыларға түсінік берді.«OPEN TV»Израиль ашық телеканалы коммерциялық жобаларға жатпайды, ол волонтерлардың арқасында құрылған,  саясатқа қатысы жоқ, басқада құрылымдармен байланыста емес.«OPEN TV»телеканалының жетекші сараптамашылары Біріккен Ұлттар Ұйымымен және басқада беделді халықаралық орталықтармен қарым-қатынас жасайды.Ресейдегі ашық телеканал еврей агенттігімен, Евро-Азиялық еврей конгрессмен, солтүстік қауымдастықпен, қайырымдылық қорларымен, еврей кітаптарына арналған үйлермен және қайырымдылық ұйымдарымен қарым-қатынас жасайды.Әлемнің 87 мемлекетінде Жапония, АҚШ және Канадада  орыс тілінде сөйлейтін миллионнан аса көрермен ащық телеканалды пайдаланады.Канал негізінен еврей ұлтының ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттап, осы бай тәжірибені атадан балаға мұраға қалдыру болып табылады. Телеканал өнімдері телевизиялық фильмдер,кітаптар, кітапшалар шет елдерде қайта басылып шығарылады. Кез келген көрермен телеканалдың www.opentv.tv сайты арқылы бағдарламасын көре алады. «Шиват-Цион» еврей мәдени бірлестігі ақсақалдар кеңесінің төрағасы тарихшы және журналист М.Бунин «Қазақстандағы еврейлердіңеліміздің әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі» жайлы пікірін білдірді.М.Мармудтың басшылығымен және төрт модератор бірлесіп тұсаукесер рәсімінің негізгі «Әлемдік өркениетке еврейлерді үлесі» тақырыбын талқылады. Біржақты талқылау барысы жемісті аяқталды, әрбір қатысушыға  рухани  байлық  сыйлады, көпшілікпен арласуға қызығушылық тудырды. Қызықты кездесудің соңында «Достық үйі» мұражайына және тұсаукесер рәсіміне қатысушыларға «Главный секрет евреев» кітаптарын,ал қонақтарға жергілікті ақын әрі жазушы Д.Иванова-Вайсбеккердің «Сказание о Древнем Таразе» кітабы  тапсырылды. Ашық телеканал делегаттары Ұлы Отан Соғысы кезінде Москвадан,Ленинградтан  қоныс аударған литвалықтар, басқада мемлекеттің адамдары, 1942-1943 жылдары қайтыс болған еврейлерді жерлеген Тараз қаласының қалалық қорымында болды.

«Үлкен ел – Үлкен отбасы» Республикалық акциясы

Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Үлкен ел- Үлкен отбасы» Республикалық акциясының Жамбыл облысында  салтанатты алау алу рәсімі туралы

АҚПАРАТ

12.01_1

2016 жылдың 12 қаңтарында сағ. 11-00-де Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының  мәжіліс залында (Тараз қ-сы, Төле би даңғылы №68) Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Үлкен ел- Үлкен отбасы» Республикалық акциясының Жамбыл облысында   алау алу рәсімі салтанатты жағдайда өтті.

12.01_2

Іс- шараға Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының қызметкерлері және аймақтық ассамблеяның ғылыми –сараптамалық тобы, ЭМБ белсенділері мен басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері, студент және жұмысшы жастары қатысты. Салтанатты рәсім Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ғимараты алдындағы алаңда этномәдени бірлестік өкілдерінің ауа шарларына акцияның аты жазылған плакат жазуды іліп, аспанға ұшыру салтанатымен  басталды. Мәжіліс залында өткен форумды Тараз қаласы әкімінің орынбасары М.Қожаева кіріспе сөзімен ашты. Ол өз сөзінде «Үлкен ел- Үлкен отбасы» жалпыреспубликалық жобаның ұсынушысы Ұлт көшбасшысы, ҚХА төрағасы Н.Назарбаев болып табылатынын, жобаның мақсаты Қазақстандық біртектілікті нығайтуға, азаматтық қоғамды қалыптастыруға арналғанын атап өтті. Елімізде бейбітшіліктің нығайуы қоғамдағы тұрақтылықтың қалыптасуы, әрі қарай жетістікке жетуіміздің жолдары  5-институционалдық реформаны жүзеге асыруға тікелей қатысты екеніне тоқталды.

12.01_8

Сонымен қатар салтанатты іс-шарада  аймақтық ассамблеясы төрағасының қоғамдық негізде орынбасары М.Тұрдыева, аймақтық ассамблеясының аналар Кеңесінің төрайымы М.Миражапова, облыс жастары атынан  аймақтық ҚХА жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасының мүшесі, «Қайнар» колледжінің физика пәнінің мұғалімі, тәуелсіз Қазақстанның құрдасы  С.Магомадова  сөз сөйледі. Сөз сөйлегендер тек бірлік, бір үлкен отбасы аясында бірігуге шақырды. Іс-шараға қатысушыларға облыс  этномәдени бірлестік көркемөнерпаздар ұжымдарының патриоттық әндерімен билері ұсынылды.

Іс-шараға барлығы -350 аса адам қатысты.

12.01_6

12.01_5

12.01_9

12.01_4

12.01_10

12.01_7

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ-нің Баспасөз қызметі

Балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепте өткен қайырымдылық акциясы

Жаңа жыл мерекесіне орай балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепте өткен қайырымдылық акциясы туралы

АҚПАРАТ

2016 жылдың 6- қаңтарында сағ.16.30-да  Тараз қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепте (Тараз қаласы, Жалаири көшесі, 1-ші бұрылысы №21 үй) Жаңа жыл мерекесіне орай облыс ҚХА хатшылығы, «Қоғамдық келісім»КММ ұйымдастыруымен  қайырымдылық акциясы өтті.

Қайырымдылық акциясының мақсаты аз қамтылған, көмек қажет ететін азаматтарға қолдау көрсету болып табылады.

Іс- шараға ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестік,БАҚ өкілдері қатысты.

Қайырымдылық акциясында  облыс ҚХА хатшылығының бас инспекторы З.Сембина, және этномәдени бірлестік өкілдері құттықтау сөз сөйледі.

Шара барысында  облыс этномәдени бірлестіктері Жаңа жыл мерекесіне орай Тараз қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектептегі тәрбиеленушілерге қайырымдылық сый-сяпатын жасады.

Іс-шараға барлығы 100 аса адам қатысты.

Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері арнайы гранттарға ие болды

Бүгін облыс басшысы Кәрім Көкрекбаев 2015 жылдың қорытындысы бойынша этномәдени бірлестіктердің жетекшілеріне гранттарды салтанатты түрде табыстады.

Жаңа жыл қарсаңында этномәдени бірлестіктердің жұмысын қорытындылау дәстүрге айналған. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тапты. Облыстағы барлық этномәдени бірлестіктер Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылында алға қойған міндеттер мен ұлттық жоспарды орындаудағы іс-шараларды іске асыруға белсенділік танытты.
-Баршаңызды Ұлы дала елінде Елбасымыздың Жолдауында тұрақты өркендеген «Мәңгілік Ел» құрудағы жаңа мақсаттарды іске асыру үшін ынтымақтаса жұмыс жасауға шақырамын, – деді өңір басшысы Кәрім Көкрекбаев.
Сонымен қатар, облыс әкімі өз сөзінде халқымыздың тарихи мәселелерді біріге шешім қабылдап, ұйымдасып жеңіске жететіндігін, сондықтан жұмылған жұдырықтай ынтымақтаса әрекет жасаса, барлық жұмысты іске асыруға болатындығын жеткізді.
Жиын барысында 22 этномәдени бірлестіктерінің жетекшілеріне грант табысталды.
Өңір басшысы баршаны келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, еңбекте сәттілік, бақыт тіледі

Әйелдер кеңесінің кеңейтілген отырысы

ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ

 

img_2291_easyhdr-pro-2_compressed

2015 жылдың 12 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімінің «Қоғамдық келісім» КММ мәжіліс залында Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы әйелдер Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Іс- шараға облыс ҚХА хатшылық меңгерушісі Л.А.Лысова, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р.М.Убайдуллаева, облыс ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктер Әйелдер кеңесінің төрайымдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кеңейтілген отырысты облыс ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы М.С.Миражапова ашып, Аналар кеңесінің бір жылда атқарған жұмысы туралы кең көлемді баяндама жасады. Облыс ҚХА хатшылық меңгерушісі Л.А.Лысова Аналар кеңесінің жыл ішінде атқарған жұмысына жоғары баға беріп, Ассамблея жылы ауқымды жұмыстар атқарғанын, Қазақстан халықтары бірлігін, этносаралық және мәдени байланысты нығайтуда басқа да шараларға белсене қатысқанын атап өтті.

img_2243_compressed

Сонымен қатар Кеңес отырысында Жамбыл облысы әкімінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р.М.Убайдуллаева Кеңес мүшелеріне атқарған жұмыстары үшін рахметін айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.              

Шара соңында облыс ҚХА хатшылық меңгерушісі Л.А.Лысова  Аналар кеңесінің барлық мүшелеріне хатшылық атынан Алғыс хаттар тапсырды.

«Ақ желкен» жастар лигасының кеңейтілген отырысы

«АҚ ЖЕЛКЕН» ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

2015 жылдың 10 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мәжіліс залында «Ақ желкен» жастар лигасының кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға ҚХА және облыстық ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, жастар, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.А.Лысова, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р.М.Убайдуллаева, мекем қызметкерлері, аналар кеңесінің төрайымы М.С.Миражапова, жастар лигасының мүшелері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдық, этносаралық келісімді нығайту, туған жерімізді аялап, оның тарихына жауапкершілікпен қарауды үйрету, мәдениетімізді дамыту және қалыптастыру. 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде әлеуметтік белсенді топтың қатарында жастардың алатын орны ерекше екенін, олар жаңа идеялардың қозғаушы күші, болашағымыздың нағыз тірегі деген болатын.

15 жыл еліміз үшін мерекелі жыл болды. Осы айтулы жыл қарсаңында этномәдени бірлестік жанындағы жастар қанаты жастар лигасын құру туралы шешім қабылдады. Кеңейтілген отырыста «Ақ желкен» жастар лигасының бір жылдық атқарған жұмысы қортындыланды.

Алғашқы сөзді Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.А.Лысова жастар лигасының бір жылда атқарған жұмысына ризашылығын білдіріп, алда үлкен жауапты жұмыстар күтіп тұрғанын айтты және осы сәтті пайдалана отырып «Ақ желкен» жастар лигасының белсенді мүшесі Цой Аннаға ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың қол қойған Алғыс хатты салтанатты түрде тапсырды. Сонымен қатар «Ақ желкен»жастар лигасының мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Отырыста Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р.Уайдуллаева жастар лигасының белсенділеріне атқарған жұмыстары үшін рахметтерін айтты. Іс-шара катысушылар мен жастардың пікір алысуымен аяқталды.

Тараз қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНІЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

 

2015 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент саябағында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік жиынға этномәдени бірлестік өкілдері, жастар, қала тұрғындары қатысты. Саябақ, мерекелік алаң шараға сай безендірілді.

Мерекелік кешті «Достар» квартеті Нұрлан Ерімбеттің сөзіне жазылған Бақдәулет Бейсебаевтың «Ел басы» әнімен ашты. Сахнада ұлттық нақышта киінген, Ассамблея мүшелері «Қазақстан» әнін орындап, жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады. «Ақ кербез» би ансамбілі «Достық биін» биледі.

Сахна төрінде бейне материал негізінде соғыс ардагерлерінің құттықтауы ұсынылғаннан кейін, оңтүстік өңірлік әскерлерінің үрмелі аспаптар оркестірі соғыс уақытындағы әндерден попури орындады.

Сондай-ақ, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сөзіне жазылған Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнін әнші Жанат Қадіров және «Кәусар» вокалдық тобы орындады. Мәлік Ақүрпековтың «Туған жер» әнін әншілер Қайсар Көкішов пен Әлішер Балтаев әулеті шырқады. Жастар флешмобы назарға тартылған концертте «Кәусар» вокалдық тобы композитор Е.Хасанғалиевтың «Атамекен» әнін орындап, мерекелік от шашу ұйымдастырылды.