«Тіл –татулық тірегі»
Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі мен Жамбыл облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 31 наурызында Тараз қаласы «Қоғамдық келісім» КММ-де «Тіл –татулық тірегі» атты республикалық дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге ҚР Ғылым және жоғары білім, Ішкі істер министрліктерінің өкілдері,облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің тілдерді дамыту мәселесіне жауапты басшылары, Жамбыл облысының тіл жанашырлары, тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен оқытушылары, полиция департаменті,ішкі саясат, қоғамдық даму, білім, мәдениет басқармаларының басшылары, этнос өкілдері қатысты.
Алдымен іс-шараға қатысушылар «Тіл бірлігі» көрмесін тамашалап, «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» бейнедәріс топтамасы, «Ғажайып киіз үй», «Сөйле» клубы, ҚХА жастарының «Бірлік тілі», «Тіл мектебі» жобаларымен, «Qazonline» мобильдік қосымшасымен танысты.
Алғашқы сөз ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Ерденбекұлы Тлешовке берілді.
Келесі кезекте Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Құлымбайұлы Үйсімбаев құттықтау сөз сөйледі.
Жиын барысында тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлеріне табанды қарсы тұрып,оның алдын алу және болдырмау,сондай-ақ мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, бірқатар сала қызметкерлері- Жамбыл облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің аға байланыс шебері,азаматтық қорғау аға сержанты Карина Карташова, Тараз қаласы №34 орта мектебінің директоры, Республикалық дүнгендер этномәдени бірлестігінің мүшесі Динара Нуралиева, «Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамының менеджері, ҚР спорт шебері Виктория Хан, Жамбыл облысы полиция департаментінің аға инспекторы Диляфруз Кенжеханова, Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Луговой ауылдық емханасының дәрігері Ольга Лушникова сөз сөйледі.
Сонымен бірге жиында тілдерді дамытуға қосқан үлестері үшін – Жамбыл облыстық «М.Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мухабат Турдыева, Тараз қаласы №34 орта мектебінің директоры Динара Нуралиева, «Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамының менеджері, ҚР спорт шебері Виктория Хан, Жамбыл облысы полиция департаментінің аға инспекторы Диляфруз Кенжеханова, азаматтық қорғау аға сержанты Карина Карташова алғыс хаттармен марапатталды.
Бұдан әрі іс-шара Жамбыл облыстық «Анаға тағзым» рухани тәрбие беру орталығында жалғасын тапты. Мұнда жұртшылыққа «Ситуациялық қазақ тілі» сабағының барысы, «Ана әлдиі», «Ана тілі» шешендік өнер мектебінің жұмыстары таныстырылды.
Сонымен қатар, қазақ, дүнген, өзбек, орыс, неміс, поляк түрік, тәжік этносының Аналар қауымы өз тілдерінде нақышына келтіріп, бесік жырларын орындап берді. Олардың қатарында:
- Қазақ – Куненова Пайза Сайлаубекқызы;
- Дүнген этносының өкілі – Азинаева Роза Шарипжанқызы;
- Өзбек этносының өкілі – Худайбергенова Сабохати Дадабаевна;
- Тәжік этносының өкілі – Давлатова Гульхумор;
- Түрік этносының өкілі- Изъятова Роза Индоевна;
- Орыс этносының өкілі – Оксана Дьяченко;
- Неміс этносының өкілі-Осипова Татьяна Ивановна;
- Поляк этносының өкілі –Харина Лариса болды.
Кең көлемде ұйымдастырылған республикалық «Тіл-татулық тірегі» атты дөңгелек үстел «Қызмет көрсетудегі мемлекеттік тілдің рөлі» тақырыбындағы форсайт-сессиясымен қорытындыланды.
Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі