ТІЛ – ТАНЫМ ӨЗЕГІ
21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні. Атаулы күнге орай, бүгін Достық
үйінде облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен
«Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Тіл – достықтың
дәнекері» атты TEDх форматында кездесу өтті.
Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілді
орта қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен
практикада қолданылуына ықпал ету мақсатында өткен жиынға облыстағы
жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, 5513 әскери
бөлімінің сарбаздары, орталық тыңдаушылары қатысты.
Еркін форматта өткен шараға облыстық «Ассамблея жастары» ҚБ белсендісі,
DAMU high school директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Евгений
Кравчук, ПД Екінші арнайы бөлімінің аға инспекторы, полиция аға
лейтенанты Иван Пономарев, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар
департаменті Тараз қаласы ТЖБ инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты,
Карина Карташова және әнші, актер Сергей Семыкин қонақ болып, қазақ
тілін үйренудегі тәжірибелерімен бөлісті. Шараның ашылу салтанатында
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы
басшысының орынбасары Сара Мәдиева сөз алып, келушілерге алғысын
жеткізді. Сұқбатты Тілдерді оқыту орталығы ақпараттық және ұйымдастыру
бөлімінің басшысы Ринат Нұрақбаев жүргізді. Қазақ тілін меңгеріп, әр
салада жемісті еңбек етіп жүрген кеш қонақтары жастарға тіл білгеннің
көкжиегі кеңейетінін жеткізіп, мемлекеттік тілді меңгерудегі қызықты да
ерекше сәттерімен бөлісті.
Жиын аясында жастар да спикерлерге сұрақтарын қойып, жауап алмасты.
Ерекше форматтағы басқосуда белсенділік танытқан спикерлерді Тілдерді
оқыту орталығының басшысы Қуаныш Дәурембеков марапаттап, еркін
форматтағы кездесудің өскелең ұрпақ үшін маңызы зор екендігін атап өтті.
Шара соңында әнші Сергей Семыкин жанды дауыста «Атамекен» әнін
шырқап, қошеметке бөленді.




