ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ

Үстіміздегі жылдың 27 ақпанында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде студенттермен кездесу өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және «Тарих ғибраты» жобасы аясында өткен жиынға қалалық Өзбек этномәдени орталығының төрағасы Абдурахман Зайнутдинов, «Қоғамдық келісім» КММ Ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің жетекші-сарапшысы Замана Исмаилова, ҚХА жанындағы ҒСТ мүшесі Жанна Сейтқұлова қатысып, Ассамблеяның құрылуы, Алғыс айту күні мерекесінің шығу тарихы сынды тақырыптар төңірегінде жастарға кеңірек мәлімдеді.

Татулықты ту еткен кездесуде студенттер әр түрлі этностардың нан өнімдерімен таныстырып өтті. Тарихтан сыр шерткен тағылымды шарада қонақтар аталмыш колледжге «Жамбыл облысындағы этностардың тарихы» кітабын тарту етті.