Таразда «Сарқыт» қайырымдылық акциясы басталды
Қазақстан халқы Ассамблеясында халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға бағытталған 2019 жылға арналған іс – шаралар легі басталып та кетті. Өткен жылы «Қайырымдылық керуені» атауымен көптеген игі істердің басынан табылған жоба, биылғы жылы «Мейірімділікпен бірлікке!» атты ұранымен өтетін болады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Леонид Прокопенконың айтуынша, акция бір жылға созылып, әр ай белгілі бір тақырыпқа арналатын болады. Мысалы, қаңтар – «Сарқыт», ақпан – «Сыбаға», Наурыз – «Шашу», сәуір – «Асар» және т. б. ұрандарымен өтеді. Байқағаныңыздай әр айға бөлінген іс – шара қазақ халқының әдет – ғұрпына сай және мерекелік күндер қарсаңында өтетін көрінеді.
Аталған акцияны ерекше ықыласымен қолдаған Жамбыл облысы, 2019 жылдың алғашқы іс-шарасын өңірдегі Достық үйі ғимаратында «Сарқыт» қайырымдылық акциясымен бастап, жыл бойына жалғасатын қайырымдылық шараларының шымылдығын түрді.
Сарқыт – сый-құрмет көрсетудің көрінісі. Той-томалақ, айт, түрлі мерекелер болғанда шақырылған қонақтың үйіне үлестіріліп берілетін дастарханнан «ауыз тисін» деп ала келетін арнайы дәмі. Мұндай дәстүр, қуанышымыз сіздің үйге де жұғысты болсын, жолын берсін деген мағынаны білдіреді. Жақындарына «Сарқыт» беру – онымен қуаныш пен бақытты бөлісіп, жылулықпен және қамқорлықты сезіндіреді.
Тараздағы Достық үйінде бастау алған шара, облыстық этномәдени бірлестіктердің балаларына арналған «Балалар шығармашылығының мектептен тыс сыныптан тыс жұмыс орталығындағы» мерекеік дәстүрлі шыршамен жалғасыты. Онда Аяз Ата мен Ақшақар, ертегі кейіпкерлері, жаңа жылдық сыйлықтары мен мерекелік бағдарламаны тамашалаған бүлдіршіндер дәстүрлі жаңа жылдық шыршаға келгендеріне дән риза. Сонымен қатар, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігі көп балалы және әлеуметтік жағдайы аз қамтылған балаларға, сондай-ақ мүгедек балаларға арналған қайырымдылық шыршасын өткізді. Сонымен қатар, поляк, күрді, еврей, әзірбайжан, этномәдени бірлестіктері Рождестволық мерекелер қарсаңында «Өмірлері қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық сыйлықтар мен тәттілер табыс етті. Облыстық ассамблеяның мұндай шаралары жыл сайын жаңа жыл қарсаңында балаларды қуантып, бүлдіршіндерге базарлық таратуды дәстүрге айналдырған. Балалар еліміздің ертеңі, Отанымыздың болашағы деп білетін ассамблеялықтар Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектептің тәрбиеленушілерін де назардан тыс қалдырған жоқ. Еліміз бойынша небәрі 7арнайы мектептің бірі осы Тараз қаласында орналасқан. Тәртібін түзеп, тәрбиесін жақсартуға ниеттілерді жиған арнайы мектеп бүгінде 30 жуық тәрбиеленушіге жағдай жасап отыр. Жасөспірімдер мен баларларды құттықтап, жаңа жылдық сыйлықтарын табыс етуге барған облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдеріне, ҚХА Аналар кеңесіне, “Жаңғыру жолы” жастар қозғалысының жастарына арнап арнайы мектеп тәрбиеленушілері мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Қорыта айтқанда «Мейірімділікпен бірлікке!» атты ұранымен бастау алған «Сарқыт» қайырымдылық акциясы аясында өткен жаңа жылдық шара осылайша тәмамдалды. Әр жыл сайын еркеше дайындықпен өтетін дәстүрге айналған шара келер жылыда жалғасын табады деп күтілуде.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз бөлімі қызметі