ТАРАЗДА МЕДИАТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2023 жылдың 7 қарашасында Тараз қаласында, Жамбыл облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» мекемесінде Медиаторлар кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шара Жамбыл облысында қоғамдық келісімді бұзудың алдын алу, этносаралық қатынастарды үйлестіру және өңірдегі бірлікті сақтау бойынша медиация институтының қызметін арттыру, Медиация институтын әлеуметтік мәселелердің алдын алу, шешу тетігі ретінде дамыту мақсатында өткізілді.

Мақсаты — Жамбыл облысының сот, прокуратурасымен, полиция, білім департаменттерімен, адвокаттар алқасымен, нотариаттық палатасымен, этномәдени бірлестіктерімен және медиаторларымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кабинетінің жұмысын проблемаларды баңдарлау және оларды тұрақты негізде шешу жолдарын табу үшін ұсыныстар әзірлеуде бірлескен іс-шаралар өткізу арқылы жандандыру.

Ұйымдастырушы — Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Жиынға медиаторлар, облыстағы этномәдени бірлестіктер өкілдері және облыстық ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты тілдерді дамыту бөлімі, білім басқармасы, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, саяси партиялардың өкілдері, дағдарыс орталығы, үкіметтік емес ұйымдар БАҚ өкілдері қатысты.

Модератор ретінде Жамбыл облысы әкімдігі “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Мүбарак Қасымқызы Жинақбаева аталмыш отырысты өзі жүргізді.

Бұдан ары баяндама жасаушылар – Тараз қалалық сотының судьясы Ж.Абаева, Жамбыл облыстық прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің аға прокуроры А.Жұмабеков, ОКҚДБ бастығының орынбасары спикерлердің айқын көзқарасты сөздері тыңдалды.

Жамбыл облысы бойынша полиция полковнигі И.Абдуллаев, «Жаңару» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының директоры Қ.Төлендиев, Медиаторлар кеңесінің төрағасы И.Федорова, мәдениет және даму басқармасының бастығы М.Ахметова, Байзақ ауданы бойынша ҚХА медиаторы Г.Көшекбаева, «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің меңгерушісі В.Досыбиева өз пікірлерін ортаға салды.

Азаматтардың тең құқықтарын қамтамасыз ету, ксенофобия мен этникалық және тілдік белгілері бойынша кемсітушілікке және этносаралық шиеленістерге әкелетін кез келген құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сот ісін жүргізуде медиация институтын насихаттау, үкіметтік емес ұйымдардың этносаралық жанжалдардың алдын алу және дамыту жөніндегі өзекті мәселелер және аймақтағы этномедиация мәселелері талқыланды.

Қатысушылар медиаторлар жұмысының қыр-сырына, медиация келісіміне, әлеуметтік желілерде шиеленіс тудырғаны үшін айыппұлдарға және т.б. мәселелерге қатысты сұрақтар қойды. Барлық сауалдарға сауатты жауаптар берілді.

Айта кетейік, кездесуге қатысушылар өңірдегі медиацияның дамуына кедергі келтіретін мәселелерді де талқыға салды.

Аталмыш іс-шараны өткізу нәтижесінде Медиация институтының қызметін нығайту және жандандыру бойынша нақты, сараланған ұсыныстар әзірленді.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс»  бөлімі